• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2010

Кубок жолындағы кезекті айқас

571 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан Бокс федерациясының кубогы жолында өтіп жатқан жекпе-жектердің кезектісі өтті. Бұл жолы “Оңтүстік” диви­зи­о­нына кіретін Жамбыл облысы мен Алматы қаласының боксшылары қолғап түйістірді. Оңтүстік өңірдің бокс жанкүйерлері көптен бері күт­кен жекпе-жекте жамбылдық өр­ендер 18:12 есебімен жеңіске жетті. Алматыда Қажымұқан Мұнайт­пас­ұлы атындағы республикалық спорт колледжінің аренасында өткен айқастарға екі жақтың да бокс­шы­лары жақсы дайындықпен кел­ген­дерін көрсетті. Мұның алдында Шы­ғыс Қазақстан мен Алматы облы­сы­ның арасында болған кездесуге осы командаларды бастап келген Ерлан Можанов пен Еділ Тұрсыновтың шәкірттерін жақсы дайындағаны сияқты Болат Ниязымбетов пен Нұрлан Ақүрпеков (Жамбыл облы­сы) боксшыларын Алматы арена­сы­на қайрап шығарды. Соның нәти­жесінде он салмақтағы сындардың бәрі де қызықты және тартысты, жанкүйерлердің ішін пыстырмай, кө­ңілдерінен шығатындай өтті. Мұн­да ең жеңіл, яғни 49 кг. салмақта әуелі Алматы қаласының өкілі Әнуар Мұзафаров жеңіске жетті. Ол тараздық Нұрлан Әбдірайымовты 11:6 есебімен ұтса, келесі, 52 кг. салмақта шаршы алаңға шыққан белгілі боксшы Олжас Сәттібаев ал­матылық Хабиболла Исмаил-Аху­нов­ты әдемі жеңіп, командалар ара­сындағы есепті теңестірді. Бұл кез­десуде ол қарсыласын 5:3 есебімен ұтып, оның рингте еркін қимыл­дауы­на еш мүмкіндік бермеді. Осы­дан кейін оның жерлестері Мұхит Амантаев (56 кг.) пен Ғани Жайлау­ов (60 кг.) есепті еселеп, өздерінен тәжірибесі аздау боксшылардан ба­сым түсті. Ал келесі, 64 кг. салмақта алматылық Батыржан Жүкенбаев қарсыласын 5:1 есебімен жеңсе, одан кейін шаршы алаңға көтерілген та­раздық боксшылар Мақсат Әлімбаев (69 кг.), Хусан Байматов (75кг.) пен Александр Московский (81 кг.) өз салмақтарында жеңіске жетті. Осы күні Алматы қаласының атынан сынға түскен Нұржан Тұрғыжинов (91 кг.) пен Рустем Іргебаев (91 кг. жо­ғары) соңғы жекпе-жектерде қар­сыластарынан басым түсті. Мұ­н­да Нұржан Вячеслав Шабранскийді 1:0 есебімен ұтса, Рустем 4:2 есебімен Иван Безвярхийді әдемі тізе бүктірді. Енді келесі жекпе-жек 21 тамыз күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыста­рының арасында өтеді. Осы орайда Қазақстан Бокс федерациясының кубогы сияқты айқастардың өткізілуі жастардың нағыз тәжірибе алатын алаңы болса, тәжірибелі жігіттері­міз­ді тағы бір сынап алатын жарыс бо­лып отырғанын атап өткен жөн. Ос­ындай сындарда Бокс федерация­­сы­ның басшысы Тимур Құлыбаевтың ұлттық құрамаға да, жастар құра­масына да ерекше мән беріп, олардың дайындығы үшін барлық жағдайды жасап жатқанын, ал облыстық федерациялардың өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып отырғанын көруге болады. Дастан КЕНЖАЛИН.