• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2010

Болар ел “Болашағын” ойлайды

495 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. “Болашақ” бағдарламасы бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алуға үміткерлер арасында биыл дарынды балаларға арналған интеллектуалды мектептердің түлектері барын айрықша атап өткен төраға мұны жеткіншектерге сапалы білім беріп келе жатқан оқу ошақтарының үлкен жемісі деп бағалады. Шетелде кадрлар даярлау жө­нін­дегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге “Болашақ” ха­лық­аралық стипендиясын тағайын­дау және стипендия иегерлерін стипендиядан айыру, сондай-ақ Қа­зақстан азаматтарының өтініш­тері туралы мәлімдеді. Бүгінгі таңға дейін әлемнің таңдаулы оқу орын­дарында білім алуға 3408 адам өті­ніш білдірсе, республикалық ко­мис­сияның қарауына 816 үміт­кер­дің жеке құжаты ұсынылған. Оның ішінде 720-сы шетелдің жоғары оқу орындарына өз бетімен түскен үміт­кер ретінде тіркелсе, 96-сы жалпы конкурс бойынша іріктеу сынына қатысқан. Комиссия оты­ры­сында бағдарламалар бөлінісі сараланып, бакалавриат бойынша – 187, магистратураға – 578, кли­никалық ординатураға –24, док­то­ран­тураға – 10, ғылыми тағылым­да­ма бойынша 17 үміткер білім алуға өтініш білдіргені мәлім бол­ды. Үміткерлердің көпшілігі Ұлы­британия (474), Америка (131), Швей­цария (63), Ресей (42) сияқты өркениетті елдердің алдыңғы қатар­лы оқу орындарында оқуға ниет­тенсе, біразы Малайзия, Ирландия, Канада, Франция, Италия, Авс­тра­лия, Қытай, Сингапур, Нидерланд, Норвегия,  Германия, Чехия, Шве­ция елдерінде білім алғылары ке­летіні айтылды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық ко­миссия отырысының қорытын­дысы бойынша 472 үміткерге “Бо­лашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қа­былданды. Комиссия отырысының соңын­да Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев биылғы оқу жы­лының ерекшеліктері туралы қысқаша ой түйіндей келіп: “Мем­лекеттік комиссияның отырысында биылғы оқу жылында “Болашақ” бағдарламасы бойынша шетелде оқитын үміткерлердің саны анық­тал­ды. Құжат тапсырған 3408 та­лап­кердің 816-сы комиссияда қа­ралып, 472 үміткер шетелге оқуға ұсынылса, олардың дені негізінен “Экономика”, “Ақпараттық техно­логиялар және жүйелер”, “Туризм са­ласындағы менеджмент, мей­ман­хана менеджменті, спорт менед­жменті”, “Мұнай және газ ісі”, “Технологиялар менеджменті”, “Адам ресурстарын басқару”, “Ма­тематика”, “Электроника”, “Бух­гал­терлік есеп”, “Өндірістік ин­жи­ниринг”, “Құрылыс және архи­тек­тура”, “Хирургия” сынды маман­дықтарды таңдады. Квота бойынша қабылдау мерзімі биыл 30 қыр­күйек­ке дейін ұзартылып отыр. Со­ған байланысты әлемнің таңдаулы оқу орындарында оқығысы келетін жеткіншектеріміз әлі де құжат­та­рын тапсыруларына болады. Мем­лекет тарапынан ауыл жастары үшін бөлінген арнайы квота тағы бар. Бір айта кетерлігі – шетелде кадр­лар даярлауға облыстар тара­пы­нан белсенділік байқалмайды. Қатысу­шылардың көбі негізінен Астана мен Алматы қалаларынан, олардың әрқайсысынан 300-ден аса құжат тапсырылған. Ал облыстарда бұл 20-30 өтініштен аспайды. Облыстық білім беру басқармалары мен облыстық әкімдіктер “Бола­шақ” бойынша жастарды оқытуға айрықша көңіл бөлгендері абзал”, – деді. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ.