• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Арбамен жүретін мүгедегі бар отбасылар ыңғайлы пәтерлерге ие болды

525 рет
көрсетілді

Баспаналы болуды адам өмі­ріндегі ең бақытты сәттер де­сек, мүмкіндігі шектеулі мүге­дек жаны бар отбасына олар­дың кіріп-шығуына, жүріп-тұ­руына ыңғай­лы пәтерге ие болу қуаныштың төресі десек те бол­ғандай. Жа­қында Алматы қала­сының Әуезов ауданына қарас­ты Өтеген батыр көшесінің бой­ында мүгедектері бар отба­сыларына елімізде тұң­ғыш рет арнайы салынған тұрғын үй пайдалануға берілді. Қала бюд­жетінен 227 млн. теңге бөлінген үйдің құрылысы өткен мамыр айында басталып, айналасы бір жылдың ішінде аяқталған. Ең бастысы, үй мүгедек жандарға қолайлы етіп жасалған. – Осындай әлеуметтік мә­се­лелерге Елбасының тапсыр­ма­сы бойынша көп мән беріп ке­леміз және келешекте де ос­ын­дай үй­лерді салуды жос­пар­лап отырмыз. Сіздерге осы үйде қолайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасал­ды, – деді жұрт­шылықты айтулы қуанышымен құттықтаған қала әкімі Ахмет­жан Есімов. Пәтерлер аудан әкімдікте­рін­де 1988 жылдан бері кезекте тұр­ған, халықтың әлеуметтік жа­ғы­нан қорғалмаған топта­ры­на жа­татын 20 отбасына берілді. Қала бой­ынша мұндай топтарға жа­татындар саны 7 мыңнан аса­ды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.