• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Халықаралық қауымдастық қарымы

576 рет
көрсетілді

Кеше Бурабайдағы “Самал” сау­ық­тыру-демалыс орталығында Қазақ­станның есірткіге қарсы күш­терінің ІІ халықаралық се­минар-форумы жұ­мысын баста­ды. Оны “Саламатты Қазақстан” республи­ка­лық қоғамдық ұйы­мының пре­зиденті, профессор София Евдокимова кіріспе сөзбен ашты. Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бас­тығы Гүлжанар Болатова форумға қатысушыларды құттықтап, табыс тіледі. Жастар ортасында ес­ірт­кіден, ішімдіктен және шылым шегуден аулақ болу қағидаттарын қалып­тастыру, оның алдын алу жол­дарын талқылауды мақсат еткен бес күндік форумға төрт жүзге жуық адам қатысуда. Семинарлық сабақтарда Ресей, Белоруссия, Литва, Израиль, АҚШ, Қазақстан ғалымдары мен психологтары бірнеше тақырыпта шеберлік-сыныптар өткізеді. Бақберген АМАЛБЕК,  Ақмола облысы.