• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Шеберліктерін шыңдауды мақсат тұтты

481 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” халықтық-демо­кратиялық партиясының орталық аппаратында “Қаламгер-Азамат” ІІІ республикалық жас журналистер форумына қатысушылармен кездесу өтті. Кездесуге Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов қатысты. “Заңғар” шығармашылық бір­­лес­тігінің тікелей ұйытқы болуы­мен, Байланыс және ақпарат ми­нистрлігінің қолдауымен ұйымдас­тырылған бұл шараның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас журналистердің басын қосып, семинар-тренингтер өткізу, сол ар­қылы еліміздің әлеуметтік, эко­но­микалық салаларын дамыту бағы­тындағы ауқымды жобаларды қол­дау. Бұл ретте Байланыс және ақ­парат вице-министрі Нұрай Оразов мұндай форумдардың маңызы айрықша екеніне тоқталып, Елбасының жастар дамуына ай­рықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, аталған форум­ның еліміздегі жас журналистердің кәсіби өсуі мен шығармашылық тұрғыда тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік туғызатынын да тілге тиек етті. Басқосу барысында ол Бай­ланыс және ақпарат министрі Ас­қар Жұмағалиевтің форум қа­тысушыларына арнаған құт­тық­тауын оқып берді. Онда “Қазіргі егемен Қазақстанда сіздерді, жас қалам­герлер, биік мақсаттар мен белестер күтіп тұр. Қазақстан елінің, қазақ журналистикасының қарыш­тап дамуы сіздерге, яғни жастарға тікелей байланысты екен­ді­гіне сенімдімін. Саналы да сапа­лы, бі­лім­ді де белсенді жастары бар елдің болашағы қашанда зор, еңсесі қашанда биік болмақ. Мен сіздерге жас мемлекетіміздің дамуы­на үлес қосып жүргендеріңіз үшін алғы­сым­ды білдіріп, болашақта өз сала­сының нағыз майталмандары болу­ларыңызға тілектеспін”, делінген. Сонымен қатар құттықтау хатта мұндай форумдар нәтижесінде жас журналистер кәсіби тұрғыдан жаңа деңгейге өсетіндігі, бұл орайда Мемлекет басшысы тарапынан жас толқынға жасалып отырған қам­қор­­лықтың орасан екендігі, бүгінгі жаңалықтардың жаршысы бола білген жас тілшілер қауымы қоғам мен билік арасындағы берік көпірге айналғандығы, себебі, қазіргі жаһандану заманында журналист мамандығы жоғары кәсіби білік­тілік пен саяси сауаттылықты талап ететін аса жауапты мамандық екендігі де атап көрсетілген. Бір атап өтерлігі, үш күнге созыл­ған форум аясында “Қазақ бас­пасөзінің дамуы”, “Телебағдар­ламалар мен жаңалықтар сюжет­терінің бүгінгі сапасы қай дең­гейде?”, “Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының дамуы” атты тақырыптар бойынша семинарлар ұйымдастырылып, форумға қатысу­шылар аталған мәселелер жөнінде өз ой-пайымдарын талқы таразы­сына салды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.