• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Каспий экологиясы халықаралық деңгейде талқыланды

756 рет
көрсетілді

Кәрі Каспий өзін жағалай қоныстанған елдер үшін сарқылмас байлық пен кәсіпкерліктің көзі, тіршіліктің тынысы. Сондықтан да болар теңіз жағалауындағы елдер осы маңайдың экологиясы, теңіз­дегі тіршілік жайлы мәселені жыл сайын келелі әңгімеге арқау етеді. Сондай бір басқосу Ақтауда өтіп, ол “Каспий теңізі: бүгіні мен ер­теңі” деп аталды.  Қоршаған ор­таны қорғау, Маңғыстау облыстық әкімдігі  мен “КаспЭКО” ха­лық­аралық жобасы ұйымдастырған фо­румға Ресей, Иран, Орталық Азия мемлекеттік су шаруа­шы­лығын үйлестіру комиссиясының өкілдері қа­тысты. Каспий теңізінің эколо­гия­лық қауіпсіздігіне қатысты мә­се­лелерді жан-жақты талқылаған  Төтенше жағдайлар, Ауыл ша­руа­шылығы, Мұнай және газ ми­нистр­ліктерінің мамандары, ға­лым­дар соңғы кезде Каспийдің солтүс­тік шығысында бекіре тұқымдас балықтар қорының азайғандығын, ал Солтүстік Кас­пийдің кәсіпшілік балықтар мен құстарды өсіруге ар­нал­ған қолайлы биологиялық ай­мақ бола  тұра осындағы кен орын­дарын игерудің барысында судың мұнай өнім­дерімен ластануының да қаупі барлығын әңгімеледі. Ой-пікірлерін жеткізді. Басқосуда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев тіршілік тірегіндей Каспий теңізі­нің экологиялық қауіпсіздігін сақ­тауда бірлесе жұмыс жасаудың тиім­ді екендігін, қауіпті жағдай­лардан сақтану шараларын теңіздегі опе­рациялар кең көлемде бастал­май тұрып кешенді қарастыру қа­жеттігіне тоқталды. Экология   ел амандығы, оны бірлесе қорғау ортақ парыз екендігін жете түсінген Каспий жағалауы елдерінің  өкілдері — ғалымдар теңіздің қауіпсіздігін сақтаудың жолдарын белгілеген қарар қабылдады. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.