• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Үстіміздегі жылдың 18-20 қазаны аралығында Астана қаласында алғаш рет Бүкіләлемдік рухани мәдениетінің форумы өтеді.

562 рет
көрсетілді

Рухани даму – адамзат дамуының кілті Үстіміздегі жылдың 18-20 қазаны аралығында Астана қаласында алғаш рет Бүкіләлемдік рухани мәдениетінің форумы өтеді. Бұл жөнінде аталған форум комитетінің тең төрағасы, Сенат депутаты Төлеген Мұхамеджанов мәлім етті. Жиынның өтуіне “Әлем мәдениет арқылы” халықаралық қауымдастығы, Рухани келісім конгресі, сондай-ақ еліміздің, Ресей мен Еуропаның өзге де ұйымдары атсалысуда. Сенатордың мәлімдеуінше, форум өзінің бастауын сонау 1990 жылдардан, яғни еліміз тәуелсіз­ді­гін енді алып жатқан кезінен ала­ды. Ал 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен бо­латын. Содан бері жыл сайын 18 қазанда Рухани келісім күніне арнап әртүрлі шаралар өткізіліп келеді. Алайда үлкен маңызды ша­раның, нақтылап айтқанда Фо­рум­ның өтуі 18 жылдан кейін жүзеге асып отыр. Еліміз өз күнтізбесінде Рухани келісім күні деп белгілеген әлемдегі тұңғыш мемлекет болып табылады. Форумның осы күні аталып өтуінің астарында осындай символдық мағына жатыр. Оның өтуі туралы ой 2006 жылы Астана қаласында өткен экстремизмге қарсы күрес, толе­рант­тылықты насихаттауға бағыт­талған халықаралық конференция барысында жария етілген-ді. Атал­ған конференцияда әлемдік қо­ғам­дастыққа және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа форумды өткізу жөнінде үндеу қабылданған болатын. Биыл нақты мүмкіндік туып отыр. Осыған байланысты Пар­ламент форумға қатыса­тын­ды­ғы туралы шешім шығарды. Үкімет тарапынан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев бастаған үкіметтік комиссия құ­рыл­ған. Әйтсе де, негізгі ұйымдас­ты­рушылық жұмыстар үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жүргізілуде. Халықаралық ұйымдастыру комитеті жұмыс істеуде. Ұйым­дас­тыру комитетінің содан бері бес оты­рысы өтіп, онда бірқатар мә­се­ле­лер талқыланған. Форум көпші­лік­тің қызығушылығын туғызған­дық­­тан, арнайы веб-сайт (www.astana forum.kz) та ашылған. Қазіргі таңда бейнеролик түсіріліп, ол еліміздің кейбір телеарна­ла­рында көрсеті­лу­де. Сонымен қатар елімізде тір­келген елшіліктер арқылы форумды өткізу барысы жөніндегі жұмыстар жалғасын табуда. Форумның ашылу қарсаңында “Кешегі ұлылар бізбен бірге” атты көрме ұйымдасты­ры­ла­ды, онда әр ел өздерінің бір ұлы тұлғасын қояды. Мысалы, Үндістан елшілігі М.Гандиді, Ұлыбритания У.Шекспирді, Ресей Л.Н.Толс­тойды, ол Қазақстан Абайды көр­меге қоятын болады. Бұл жердегі ең басты идея адамзат дамуының басты басымдығы рухани өсу болуға тиістігін көрсету. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.