• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Бірлескен бұйрық

593 рет
көрсетілді

Қазақстан РеспубликасыАуыл шаруашылығы министрлігі

2010 жылғы «31» наурыз №218 Астана қаласы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2010 жылғы «30»сәуір № 23 Астана қаласы

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Фитосанитариялық, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздік, асыл тұқымды мал шаруашылығы, астық, мақта нарығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы   31 қантардағы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес астық, мақта нарығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.И.Сүлейменов) қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қантарына дейін қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрі Ж. Айтжанова

1-4-қосымшаларының мәтіні Бірлескен бұйрық20.08.2010