• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Жедел және нақты

407 рет
көрсетілді

Үкімет Елбасының құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруға кірісті Жуықта Ақордада еліміздің құқық қорғау саласын реформалауға арналған кеңес өткені белгілі. Сонда Елбасы Үкіметке осы мәселеге қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Үкімет Елбасының осы тап­сырмаларын дереу жүзеге асыру ісін қолға алды. Осы мәселеге бай­ланысты өткен Үкімет отырысында тапсырмаларды орындаудың нақты тетіктері анықталып, оларды қаржылай қамтамасыз етудің жолдары қарастырылды. Аталған мәселеге байланысты Президент Жарлығында Үкіметке Президент Әкімшілігімен және Қауіпсіздік кеңесімен бірлесе оты­рып тапсырмаларды орындаудың шаралар жоспарын 1 айдың ішінде қамтамасыз ету міндеттелген еді. Осыған орай Қаржы, Денсаулық сақ­тау, Білім және ғылым, Көлік және коммуникация министрлік­те­рі бір аптаның ішінде жекелеген мем­лекеттік органдарды  қайта ұйымдастыру ісін қамтамасыз етіп, қаржыларды бөлудің, штат­тан тыс қызметтердің тәртіп­терін ай­қын­­дап, осыған сәйкес қау­лы­ның жобасын әзірлеп үлгеруі керек. Соның ішінде Премьер-Ми­нистр Ішкі істер министр­лі­гіне құқық бұзу­шы­лықтың ал­дын алу сала­лық бағ­дарламасын әзірлеуге кірі­суді, ал Әділет ми­нистрлігіне өт­пелі кезең ішінде сот шешімдерін орындауды қамтамасыз етуді жүктеді. Құқық қорғау саласын ре­фор­малау ісі осы мәселеде нақ­тылық пен айқындықты қалып­тастыруы тиіс.  Әзірге салалар бойынша қыз­­мет­терді атқару тәртібі әртүрлі заң­дар бойынша реттеліп жүр. Соған сәйкес қызметкерлердің құ­қықтық мәртебесі, еңбек жағ­дайы, жеңіл­дік­тері мен зейнет­ақылық төлем­дері де әртүрлі заң­дармен рет­тел­ген. Әділет ми­нистрі Рашид Тү­сіпбековтің ай­туынша, “Құқық қор­ғау қызметі туралы”, “Құқық қорғау қыз­метінің мәселелері бой­ынша кейбір заң актілеріне түзе­ту­лер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы” заң жобаларының қабылдануы саладағы міне, осындай пробле­ма­ларды жоятын болады. Жаңа нор­ма­тивтік-құқықтық актілерге қыз­меткерлердің негізгі функ­ция­ла­рын, әскери және арнаулы дәре­­желерін, атақтарын айқын­дайтын ережелер енгізіледі. Әрине, саланы реформалауға қатысты осындай өзгерістер қо­сым­ша қаржы шығындарын қа­жет ететіндіктері түсінікті. Осы­ған байланысты Рашид Түсіп­беков республикалық бюджетке ен­гізілуі тиіс ақшалай қаражат­тардың кө­лемі мен бөліну тәртібін ұсынды. Осы бойынша қызметкерлердің зейнет­ақылық қамту деңгейін теңестіру үшін 2012 жылға – 4 миллиард 84 миллион теңге, 2013 жылға – 3 миллиард 805 миллион теңге, 2014 жылға 3 миллиард 794 мил­лион теңге қажет болмақ. Мұ­ның сыр­тын­да қосымша сәйкес шараларды жүзеге асыру үшін тағы да 6 миллиард теңге керек. Мәселені қорытындылаған Үкімет басшысы отырыста ай­тыл­­ған мәселелерді ескере оты­рып Ел­басы берген тапсырманы барынша жедел және нақты жүзеге асыру қажеттігін тағы бір еске салды. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.