• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2010

Тарихи шешімнің қабылдануымен құттықтады

443 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. В.Янукович Қазақстанды Астанада 2010 жылғы 1-2 жел­тоқ­­санда ЕҚЫҰ-ға қатысушы мем­лекет басшыларының Сам­ми­тін өткізу туралы тарихи ше­шімнің қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Н.Назар­баевтың 2010 жылғы қыркүйекте Украинаға ресми сапарына дайындық жүргізу және оны өткізу мәселесі талқыланды. 2010-2011 жылдарға арналған Қазақстан мен Украина ын­тымақтастығының “Жол кар­тасы-3”  жоспарын іске асыру ба­рысына ерекше назар ауда­рылды.