20 тамызда ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Аудронюс Аджубалиспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Екі елдің сыртқы саяси мекемелерінің басшылары желтоқсан айында Астанада жоспарланған ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібін ойластыру мәселесін және Астана мен Вильнюс арасындағы ЕҚЫҰ-ның “үштік” шеңберіндегі ынтымақтастық барысын талқылады. Ұйымның кең ауқымды кеңістігіндегі қауіпсіздік пен ынтымақтастығын және ұйым тарихының жаңа бетін ашуға бағытталған Саммиттің дайындығын егжей-тегжейлі қарастыру маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Қ.Саудабаев пен А.Аджубалис Қазақстан-Литва екіжақты қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен болашағы жөнінде пікір алмасты.