Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 795
2010.08.04 Астана Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2343 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
ТОЛЫҚ МӘТІН каулы №795