• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2010

Жастар басты назарда

711 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министр­лі­гінің тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті еліміздің жастары мен жастар ұйымдарын, сонымен бірге жұртшылықты биылғы 12 тамыздан 2011 жылдың 12 тамызына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық жастар жылын өткізуге үндейді. Халықаралық жастар жылының негізгі тақырыбы “Сұхбат және өзара түсіністік” деп аталады. Халықаралық жастар күні сонымен қатар халықаралық жастар жылы­ның басы болып есептеледі. Мұндай жобаны қабылдауға жастарға ерекше көңіл аударуды қажет ететін әлеуметтік-экономи­ка­лық ахуал негіз болып отыр. Әлем­дік экономикалық және қар­жы дағдарысы көптеген жастардың әл-ауқатына кері әсерін тигізбей қойма­ды, олардың тең жартысы жұмыс­сыздар қатарына еніп, қа­жет­ті білім алу мүмкіндігінен айырылды. Осы орайда, эконо­ми­ка­ның қайта құ­рылуы және тұрақ­тануы кезінде жастарға ерекше көмек қолын созып, қолдау көрсету аса қажет. Халықаралық жастар жылының басты мақсаты – әлем мұраттары­ның серпінді ілгері басуы, бостан­дық, ынтымақтастық сияқты идея­лар мен жастар құқықтарының іске асуына кепілдік беру және интел­лектуалды әлеуетіне жәрдемдесу болып табылады. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамындағы мемле­кет­тер бұл шараға ерекше көңіл бө­ліп, осы жыл аясында жастарды қо­ғам­дық қозғалыстарға белсенді түрде тарту арқылы бұқаралық іс-шара­ларды өткізу қажет деп тауып отыр. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттерге, бүкіләлем­дік әрекеттер бағдарламасының басты қағидалары негізінде, жастар саясаты өрісіндегі бағдарламалар мен саяси көзқарастарды қайта қарауды ұсынып отыр. Халықаралық жастар жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде іс-шаралардан бастау алмақ. Мерекені Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның жастар тақырыбындағы конференциясы қорытындылайды. БҰҰ-ның классификациясы бо­йын­­ша 15 пен 24 жас аралығын­дағы азаматтар жастар санатына жата­ды. Бүгінде ол – 1,2 млрд. адам, яғни әлем ел-жұртының 18 пайызын құрайды. Алғашқы халықаралық жастар жылы 1985 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы шешімімен қабылданған болатын. 1995 жылы Бас Ассамблея жас ұрпақтың өмірін жақсарту мақс­атында, әлемдік қоғамдастық қол­дауымен жеке мемлекеттердің саяси негіздері мен қызмет прин­циптерін бекіткен бүкіләлемдік әре­кеттер бағдарламасын қабыл­дады. Бағдарлама 15 бағыттан тұрады (білім, жұмыспен, қамту, аштық пен қайыршылық, денсаулық, қоршаған орта, есірткі қолданудың алдын алу, балалар қылмыстық ісі, бос уақыт пен демалыс, жаһандану, СПИД және т.б.). Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жұмыстарына жастар­дың қатысуы олардың, жастар ұйым­дарының, мемлекеттік орган­дар мен бизнес және коммер­ция­лық секторлардың, ұлттық ком­паниялар мен түрлі холдинг арасындағы әлеуметтік серіктестікті жақсарту үшін жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде ел тұрғындары­ның 29 %-ы жастар десек, ауыл жастары елдегі жалпы жастар санының 48 %-ын құрайды. Жастар саясатының салалық және аймақтық бағдарламаларын іске асыру аясында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-эко­но­микалық өміріне белсенді қатыс­тыруға барлық жағдайлар жасалған, олармен жұмыс жасау тұрғысында жаңа қағида үлгілері енгізілген. Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті халықаралық жастар жылында барша Қазақстан жастарын өздерінің шығармашы­лық ынталарын іске асыруға, қоғам­ның нығаюына бағытталған саяси және әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуге, қайырым­дылық мен ұлттық бірлік идеяларын бе­кем­деуге және әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырады. “Егемен-ақпарат”.