* * *
ҰҚК ҰЖЫМЫНА ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Кеше Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин ҰҚК ұжымына жаңа басшыны таныстырды. – Сіздердің баршаларыңыз оны білесіздер, сіздер ұзақ жылдар бойы бірге қызмет атқардыңыздар. Елбасы қойған барлық қызметтерде Нұртай Әбіқайұлы жоғары сенімді ақтай білді. Мемлекет басшысы оның бұл қызметтің де үдесінен шығарына және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алдына қойылған барлық міндеттерді толық орындайтынына сенім білдіреді, – деді А.Мусин. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділ Шаяхметовке Президенттің алғысын жеткізді. Хроника Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділ Шаяхметұлы Шаяхметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. * * * Мемлекет басшысының Өкімімен Нұртай Әбіқаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
•
24 Тамыз, 2010
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
510 рет
көрсетілді