Астанада өтетін Саммитке дейін 100 күн бұрын ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы мүше мемлекеттерді ортақ сынақтарға бірлесе жауап іздеуге шақырады.
Кеше ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев “56 мүше мемлекеттер көшбасшыларының Астанада 1-2 желтоқсан аралығында өтетін кездесуі бүгін біздің алдымызда тұрған сынақтар мен қауіптерге тиісті жауап қайтаруға тамаша мүмкіндік береді” деп мәлімдеді.
“11 жылдық үзілістен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылғалы отырған Астана Саммиті біздің елдер мен олардың саяси көшбасшыларына, 21-ғасырда да өз өзектілігі мен қажеттілігін жоғалтпаған, ЕҚЫҰ негізге алған жалпыға ортақ қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету принциптерін әлемге паш еткізуге ерекше мүмкіндік. Саммитке дейін қалған 100 күн ішінде Астанада өтетін сонау тарихи кездесу жоғары мазмұнды және ұйымдасқан деңгейде өту үшін және ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көшбасшылары Ванкуверден Владивостокқа дейін “қауіпсіздік кеңістігі” тұжырымдамасынан “қауіпсіздік қоғамдастығына”, біздің ортақ ұйымның нығаюы мен жаңаруына жол ашу үшін үлкен жұмыс атқаруымыз қажет”, деді Қ.Саудабаев.
ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының соңғы Саммиті 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын. Осы жылы Ұйымның Саммитін өткізу туралы шешім Ұйым мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерімен Алматы жанында өткен министрлердің бейресми кездесуінде қол жеткізілген келісім нәтижелері бойынша 3 тамыз күні қабылданды. Астана Саммиті Ұйым тарихындағы жетінші Саммит болмақ. Осының алдындағы саммиттер 1975 жылы Хельсинкиде, 1990 жылы Парижде, 1992 жылы Хельсинкиде, 1994 жылы Будапеште, 1996 жылы Лиссабонда және 1999 жылы Ыстамбұлда өткен болатын.
Саммиттің ізашары ретінде Варшава, Вена және Астанада өтетін үш бөліктен тұратын Шолу конференциясы болады. Аталған конференция 30 қыркүйектен басталды.