• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтары

606 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2010 жылғы 16 шілде       №349      Астана қаласы

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Рес­публикасының аумағына импортталатын тауарлардың импорты бойын­ша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелерін бекіту туралы

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңның 49-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен төлеуді қолдану ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е.Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады. Министр Б. ЖӘМІШЕВ

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы “16” шілдедегі № 349 бұйрығымен бекітілген

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорт­талатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережесі

1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттала­тын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеу ереже (бұдан әрі – Ереже) “Са­лық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­д­ер туралы” Қазақстан Рес­пуб­ликасының кодексін (Салық кодексі) қол­данысқа енгізу туралы” Қазақстан Республика­сының Заңы (бұдан әрі – Енгізу туралы Заң) 49-1-бабына сәйкес әзірленген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Респуб­ликасының аумағына импорттала­тын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеу тәртібін айқындайды. 2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар бойынша есепке алу әдісімен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындағанда жүзеге асырылады: 1) Тауарлар Қазақстан Республикасының Үкі­меті­нің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулы­сында бекітілген тауарлардың тізбесіне енгізілген; 2) Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген Тауарлардың импорты бойынша төлену­ге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және көрсетілген тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі – Міндеттеме) салық қызметі органына табыс етілген жағдайда. 3. Міндеттеме Салық кодексінің 276-20-бабы 3-тар­мағында көрсетілген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөніндегі деклара­ция­мен бір уақытта салық қызметі органына табыс етіледі. 4. Міндеттемеге сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды бойынша әкелінген тауарлардың жіктемесін растайтын құжаттар қоса беріледі: 5. Міндеттеме екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады. 6. Міндеттеменің негізінде тауарларды әкелу акцизделетін тауарлар бойынша акциздермен Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіпте төлеген жағдайда ҚҚС іс жүзінде төлеусіз жүргізіледі. 7. Міндеттемеде көрсетілген ҚҚС сомасы Қазақ­стан Республикасының салық заңнамасында белгі­ленген тәртіпте есептеу мен есепке жатқызу ҚҚС бойынша декларацияда бір уақытта көрсетіледі. 8. Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында көрсетілген мүлікті лизингке беруді қоспағанда, тауарларды одан әрі өткізу ҚҚС салуға жатады. 9. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде Енгізу туралы Заңның 49-1-бабында белгіленген талаптарды бұзған және осы Ереженің 2, 4 және 7-тармақтарының ережелерін орындамаған жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өсімпұлдарды есепке жаза отырып, тауарлар әкелу кезінде қосылған құн салығын төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап төленуге тиіс. Осы Ереженің шарттары сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға сыйақыны ескермей, лизинг шартымен көзделген лизинг төлемі сомасына келетін қосылған құн салығы сомасы бөлігінде лизинг шарты (келісімшарты) бойынша да таралады.

* * *

Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлар ойынша есепке алу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану ережесіне қосымша нысан

Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме

1-бөлім. Жалпы ақпарат Алушы/импорттаушы_______________________________________________________________ __________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, немесе жеке кәсіпкердің аты-жөні) Салық төлеушінің тіркеу нөмірі – – – – – – – – – – – – Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), егер ол болған жағдайда – – – – – – – – – – – – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы – – – – –   № – – – – – – – “_____”__________20___ж. берілген ____________________________________________________________­_________________ (салық органының атауы) ______________________________________________________________________________ 2- бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке алу әдісімен төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда қосылған құн салығының сомасын жүк кеден декларациясына сәйкес есепке алу әдісімен бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасын _____________________________________________________________________________________________ (салық кезеңі) (_____________________________________) теңге, (сомасы жазбаша) №_______________________________“_______”________20______ж. көрсетуге міндеттенемін. 3-бөлім. Есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану бойынша қосылған құн салығын төлеу Тауарлар ретінде мыналар әкелінді: _________________________________________ ______________________________________________________________________________ (тауарлардың атауы, ТН ВЭД (сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының коды) _______________________________________________________________________________ Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлық номенклатурасының кодының жіктемесін растайтын 20___жылғы “____”_____№___ _____________________________ құжат. Осыған орай көрсетілген тауарларды, яғни қаржы лизингі мен реэкспорт режимінде тауарды қайтаруға беру­ді қос­пағанда, яғни олардың мақсатты бағытына сәйкес өзіндік өндірістік мұқтаждықтар үшін пайдалануға міндеттенемін. Көрсетілген тауарларды өзге мақсаттарға пайдалану үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығы мен өсімпұлдарды төлеуге міндеттенемін. ___________________________________________________ /_________/ (Салық төлеушінің аты-жөні)                               (қолы) Міндеттемені тапсыру күні 20___жылғы “____”_____№___. ___________________________________________________ /_________/ (Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні)           (қолы) Міндеттемені қабылдау күні 20___жылғы “____”_____№___. Салық қызметі органының М.О. Ескертпе. Міндеттеме “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір уақытта екі данада салық қызметі органына табыс етіледі. “Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БСН/ЖСН 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс. _______________________________________________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамыз Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6366 болып енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2010 жылғы 16 шілде     №350    Астана қаласы

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесін бекіту туралы

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады. Министр Б. ЖӘМІШЕВ

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы “16” шілдедегі № 350 бұйрығымен бекітілген

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесі

1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көздел­меген тауарларды Қазақстан Республика­сының ау­мағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салы­ғы бойынша салық міндеттемесін орындау ере­жесі (бұдан әрі – Ереже) тұрақты мекеме құрмай қыз­метін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға­лар­дың Қазақстан Республикасының аумағына уа­қытша әкелінуі ҚҚС төлеуден босатылатын тауар­­лар тізбе­сінде көзделмеген тауарларды Қазақ­стан Респуб­лика­сының аумағына уақытша әкелу кезінде ҚҚС бойын­ша салық міндеттемесін орындау тәртібін реттейді. 2. Құжаттарды тапсыру және тіркеу есебіне тұру 2. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға (бұдан әрі – резидент емес) тауарларды уақытша әкелген кезде уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсанда № 634 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5455 тіркелген) бекітілген нысан бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін; 2) нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін; 3) нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның ұқсас) көрсете отырып, резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмесін; 4) осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда уақыт­ша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметті (бұдан әрі – Мәліметтер); 5) тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттарды: оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған шартты (ол болған кезде); тауарға ілеспе құжаттарды табыс етеді. Егер уақытша әкелінген тауарлар әр жерде болған жағдайда резидент емес барлық уақытша әкелінген тауарлар бойынша аталған құжаттарды бір уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына тапсырады. Салық органдары осы тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде резидент емес осындай құжат­тарды тапсырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған белгіленген нысанда тіркеу куәлі­гін бере отырып, резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді жүзеге асырады. 3. Егер тіркеу куәлігін бергеннен кейін резидент емес кейінгі тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асырған жағдайда, аталған резидент емес уақытша әке­лінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ереженің 2-тармағының 4) және 5)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сон­дай-ақ ҚҚС төлеу туралы төлем құжатын табыс етеді. 4. Егер тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асырған резидент емес тауарды уақытша әкелген күннен бастап он жұмыс күні өткенге дейін Салық кодексінің 562-бабы 4-тармағының негізінде салық төлеуші ретінде тіркелген жағдайда, аталған резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ереженің 2-тарма­ғының 4) және 5)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ ҚҚС төлеу туралы құжат (төлем құжатын көшірмесі) табыс етеді. 5. Мәліметтер Қазақстан Республикасының аума­ғына кеден одағына мүше мемлекеттердің ау­мақ­тарынан уақытша әкелінген тауарлар, көлік құрал­дары туралы ақпаратты көрсетуге арналған және оның негізінде ҚҚС есептелетін құжат болып табылады. 6. Мәліметтер қағаз және электрондық тасы­ғыштарда табыс етіледі. Мәліметтер қағаз тасы­ғышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қала­мұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғы­сымен толтырылады. Бұл ретте электронды тасығыштағы Мәліметте көрсетілген ақпарат қағаз тасығыштағы Мәліметтегі ақпаратқа сәйкес келуі тиіс. Қағаз тасығыштағы Мәлімет екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады. Қағаз тасығыштағы Мәліметтерге салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің не Қазақстан Республикасының заңнама­сында белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәлан­дырылады (бар болған жағдайда). Мәліметтіерді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 7. Мәліметтерде сонымен қатар: 1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі/жеке идентификациялық (бизнес идентификациялық) нөмірі (бұдан әрі – СТН/ ЖСН/БСН). “Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс; 2) резидент емес заңды тұлғаның атауы; 3) уақытша әкелінген тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) арасында жасалған шартта (келісімшартта) көзделген орналасқан орны; 4) оның негізінде уақытша әкелінген тауарларды немесе көлік құралдарын әкелу жүзеге асырылған құжат, сондай-ақ оның нөмірі мен күні; 5) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының атауы; 6) уақытша әкелінген тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды; 7) тауарларды өлшеу бірлігі; 8) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының саны; 9) валюта коды, курс; 10) көліктік (көліктік ілеспе) құжаттар (сериясы және күні, нөмірі); 11) уақытша әкелу мерзімі (уақытша әкелінген тауарларды әкелу және әкету күні); 12) уақытша әкелу мақсаты мен жағдаяты; 13) уақытша әкелінген тауарлардың Салық кодексінің 276-8-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалған құны; 14) уақытша әкелінген тауарлар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде әкетілмеген жағдайда төленуге тиіс ҚҚС сомасы көрсетіледі. 3. ҚҚС төлеу 8. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар тауарларды, көлік құралдарды уақытша әкелген кезде импорт­талған тауарларға, көлік құралдарға ҚҚС аталған резидент емеске тіркеу куәлігін берген күннен кейін­гі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әке­лінген тауардың орналасқан орны бойынша төленеді. Бұл ретте резидент емес ақытша әкелінген тауар­дың орналасқан орны бойынша салық органына ҚҚС төленгені туралы төлем құжатын табыс етеді.

* * *

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын

тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде

қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесіне қосымша нысан

Уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәлімет

Нөмір   Күні   Айы                  Жылы Бет    1 Тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі СТН/(БСН|ЖСН) 01________________________________________________________________________________________________ (резидент-емес заңды тұлғаның атауы) 02__________________________________________________________________________________________________ (Орналасқан (тұрғылықты) жері) 03 Шарттың (келісімшарттың) №____  Шарттың (келісімшарттың) күні 20___ж. ______  сертификациялау № ____, _______ сертификациялау күні ____, ____ № р/с                   Тауардың атауы  СЭҚ ТН  Тауардың Тауар саны   Тауардың         Валюта          Көлік                       Әкелу күні              Болжамды әкету коды      өлшем                   құны        Коды  Бағамы             (тауарға ілеспе)      күні бірлігі                                                         Сериясы,          Күні нөмірі 1     2                  3            4             5             6               7        8         9            10       11             12 ЖИЫНЫ:           Х           Х            Х            Х              Х        Х        Х           Х                         Х ___________________________________________________/__________________/ “____”_________20____жылғы М.О. (салық төлеушінің атауы) (қолы) (күні) ___________________________________________________/_________________/ (нысанды қабылдаған қызметкердің аты-жөні) (қолы) Нысанды қабылдау күні “____”__________________20____ жылғы                                                                          салық қызметі органның М.О. __________________________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамыз Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6369 болып енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

2010 жылғы 16 шілде     №355      Астана қаласы

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтару ережесін бекіту туралы

“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-22 және 276-23-баптарына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берілген Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтару ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады. Министр Б. ЖӘМІШЕВ

* * *

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы “16” шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген

Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу  туралы өтінішті кері қайтару ережесі

1. Жалпы ережелер 1. Бұл Ереже “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-22 және 276-23-баптарын іске асыру мақсатында әзірленді және Кеден одағында тауарлар импорты кезінде Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (бұдан әрі – Өтініш) кері қайтару тәртібін айқындайды. 2. Өтінішті кері қайтару үшін негіздемелер 2. Өтініш салық қызметі органдарынан салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша табыс еткен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш негізінде кері қайтаруға жатады. 3. Салық төлеуші осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті: 1) қате табыс етілген Өтінішті кері қайтаруға; 2) Өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумақ­тарына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақ­тарынан импортталған тауарлар әкелінген ай өткенге дейін немесе кейін тиісті сапада болмауы және (немесе) жиынтықталмауы себебі бойынша оларды қайтару жүзеге асырылған кездегі жағдайларда табыс етеді. 4. Егер осындай Өтінішті табыс ету бойынша міндет “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексімен (Салық кодексі) көзделмеген жағдайда Өтініш қате тапсырылған болып есептеледі. 5. Өтінішке өзгерістер мен толықтыруларды енгізу келесі жағдайларда жүзеге асырылады: 1) жанама салықтар сомаларын есептеу үшін салық базасының мөлшеріне ықпал етпейтін Өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген және толық­тырылған; 2) жанама салықтар сомаларын есептеу үшін салық базасының мөлшеріне ықпал ететін Өтініште көрсетілген мәліметтер өзгерген және толық­тырылған жағдайларда. 3. Өтінішті кері қайтару рәсімі 6. Қате табыс етілген Өтініш кері қайтарылған кезінде салық төлеушінің дербес шоттарында жанама салықтардың есептелген сомаларын түзетуді салық органдары: 1) Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны кері қайтару арқылы осындай Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда қате табыс етілген Өтініш көрсетілген; 2) қосымша Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс ету арқылы Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияда бірнеше Өтініштер, оның ішінде қате табыс етілген Өтініш көрсетілген жағдайларда жүргізеді. 7. Салық төлеуші Өтінішке өзгерістер мен толықтыруларды бір мезгілде жаңа Өтінішті табыс ете отырып, бұрын табыс етілген Өтінішті кері қайтару арқылы енгізеді. Бұл ретте салық органы жаңа Өтінішті ағымдағы күнмен тіркейді, ал салықтық бақылау шараларын қол­дану және жанама салықтарды төлеу мерзімін айқындау мақсатында кері қайтарылған Өтінішті қабылдау күні жаңа Өтінішті табыс ету күні болып танылады. 8. Салық төлеушінің дербес шоттарына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу мақсатында салық органы осы Ереженің 12-тармағында көздел­ген импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қосымша декларация негізінде жанама салық­тардың тиісті сомаларын есептеу (азайту) жүргізеді. 4. Өтінішті кері қайтарған кезде салық төлеуші әрекетінің кезектілігі 9. Өтінішті кері қайтару үшін салық төлеуші салық органына осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық есептілігін кері қайтару туралы салықтық өтініш тапсырады. 10. Өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты Өтінішті кері қайтару кезінде салық төлеуші салық органына “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-20-бабы 3-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізділігін растайтын құжаттарды табыс етеді. 11. Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан импортталған тауарлар әкелінген ай өткенге дейін тиісті сапада болмауы және (немесе) жиынтық­талмауы себебі бойынша оларды қайтару жүзеге асырылған кезде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Өтініш кері қайтарылған жағдайда осы Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттармен қатар “Салық және бюджетке төлене­тін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-23-бабы 3-тармағында көзделген енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізділігін растайтын құжаттар табыс етіледі 12. Салық төлеуші осы Ереженің 5-тармағында көзделген негіздер (Өтінішке өзгерістер мен толық­тырулар енгізілуіне байланысты) бойынша Өтінішті кері қайтару үшін осы Ережеге 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтінішпен қатар қосымша импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларация табыс етеді. ______________________________________________________________________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 тамыз Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6365 болып енгізілді.