• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2010

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрықтары

569 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы

2010 жылғы 23 шілде № 38 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің Ұйым стандарттарын әзірлеу,бекіту, есепке алу, өзгерту және күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

“Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұйырамын: 1. “Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 2 қыркүйектегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4949 ен­гізіл­ген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылы қыркүйек-қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Ұйым стандарттарын әзірлеу, бекіту, есепке алу, өзгерту, күшін жою, тіркеу, белгілеу, басып шығару ережелерінде: 2-тармақ “және ұйымды жетілдіру және өндірісті басқару, шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарын және нормативтік құжаттарын енгізуді” деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ “авторлық құқық объектісі болып табылады және таратыла алады” деген сөздер “таратылады” деген сөзбен ауыстырылсын. мынадай мазмұндағы 7-1- тармақпен толықтырылсын: “7-1. Ұйым стандарттарында әр түрлі параметрлер және (немесе) өлшемдер кезінде жалпы белгіге, бірдей құрастырылымға ие өнімнің бір немесе бірнеше нақты түрлеріне қойылатын талаптар белгіленеді.”; мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2 - тармақтармен толықтырылсын: “11-1. Мүдделі тұлғаларды әзірленетін ұйым стандарты туралы хабарландыру мақсатында әзірлеуші ұйым, оның түпнұсқасын әлеуетті ұстаушы ол туралы ақпарат басылымдарда және Интернет-ресурстарында орналастырады. 11-2. Егер ұйым стандартын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасында терминдер мен анықтамаларды, қабылдау тәртібін, бақылау, тасымалдау және сақтау, сондай-ақ өнімді жіктеуге қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық регламенттер, мемлекеттік және (немесе) мемлекетаралық стандарттар болмаса, онда осы талаптарды әзірленетін ұйым стандартына енгізеді.”; 14-тармақта: 3)-тармақша алынып тасталсын; сегізінші абзац алынып тасталсын; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: “Тұрақты қысқартылған сөздерді қолданатын ұйымдар үшін стандарт белгілеуінде тұрақты қысқартылған сөздер және жоғары тұрған министрліктің (ведомствоның) шартты белгісі көрсетуге рұқсат етіледі.”; мынадай мазмұнда 14-1-тармақ толықтырылсын: “14-1. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейде стандартталмаған бақылау (сынау) әдістеріне және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардан тұратын стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіпте метрологиялық сараптауға жатады.”; 16-тармақтағы бірінші абзацтағы “уәкілетті орган жүргізеді” деген сөздер “уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.” деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта “Ұйым стандартын тіркеу алдында Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес белгілеуге жатады” деген сөздер алынып тасталсын. 17-тармақтағы: бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “Ұйым стандарты 30-күнтізбелік күнде қаралады. Оң шешім қабылданғанда 3 жұмыс күннен ұзақ емес күнде тіркеледі. Теріс нәтиже кезінде қайта қарауға жіберіледі.”; мынадай мазмұнда алтыншы абзацпен толықтырылсын: “Ұсынылатын ұйым стандарты нөмерленеді, тігіледі және мөрмен таңбаланады.”. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ. _______________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6273 болып енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы

2010 жылғы 23 сәуір          №39         Астана қаласы

Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін,шетел мемлекеттерінің ережелері мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесін бекіту туралы

“Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережелері мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі бекітілсін. 2. “Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы Ережені бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3658 тіркелген, 2005 жылғы 16 қыркүйекте № 106-107 (731) “Заң газетінде” жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М.Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ.

* * *

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 39 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі

Осы Қазақстан Республикасы аумағында стан­дарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарт­тарды, техникалық-экономикалық ақпарат жік­теуіш­терін, шетел мемлекеттерінің ережесі мен ұсынымдарын есепке алу және қолдану ережесі (бұдан әрі – Ереже) “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді. Осы Ереже халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына қолданылмайды (бұдан әрі – халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары), оны өнімдерді өндіру, процестерді, жұ­мыстарды орындау және қызмет көрсету сала­сын­дағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және эксперимент жұмыстары кезінде қолдану жоспарланады. Осы Ереже Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес немесе Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (бұдан әрі - ТМД) елдерінің құрылысындағы техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекет­аралық ғылыми-техникалық комиссия қабылдаған өңірлік стандарттарға таралмайды. 1. Жалпы ережелер 1. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ұқсас (баламалы) стандарттар – мазмұны мен ұсыну құрылымы (нысаны) бойынша ұқсас үйлестірілген стандарттар; 2) түрлендірілген стандарттар – сәйкестендіру және түсіндіру шарттары кезінде көріну нысаны бойынша техникалық ауытқулары және (немесе) айырмашылықтары болатын үйлестірілген стандарттар; 3) балама емес стандарттар – халықаралық стандарттың техникалық ережесінің аз бөлігі және (немесе) сәйкестендірілмеген техникалық ауытқу­лары бар, ұсыну нысаны бойынша айырмашы­лықтары болатын стандарттар; 4) халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының құрылымы – бөлімдерді, тармақтар­ды, тармақшаларды, кестелерді, графикалық материалдарды және қосымшаларды мазмұндау тәртібі; 5) талап – сақталуға тиісті өлшемдері болатын халықаралық стандарттардың және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережесі. 6) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласын­дағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мем­лекеттік орган. 2. Қазақстан Республикасы аумағында “Техни­калық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 1-тармағында қарастырылған мақсаттарға сәйкес келетін халықаралық және өңірлік стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, ережелер, нұсқаулықтар және ұсынымдар, ұлттық стандарттарды, ұйым стандарттары, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі ережелер, нормалар мен ұсынымдары қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Қазақстан Респуб­ликасындағы қолданыстағы техникалық регла­менттерде және олармен үйлестірілген стандарт­тарды белгіленген талаптарға қарама-қайшы болмауға және сапа көрсеткіші бойынша мемле­кеттік стандарттардан төмен болмауға тиіс. 4. Халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік қадағалау органдарымен олардың құзыреті шегінде, келісуге жатады. 5. Қазақстан Республикасы аумағында мыналар қолданыла алады: 1) мемлекеттік стандарттар ретінде халықара­лық, өңірлік және ұлттық стандарттар; 2) мемлекеттік техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері ретінде халықаралық және өңірлік техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері; 3) Қазақстан Республикасы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда немесе нақты жеке немесе заңды тұлғаларға арналған есептік тіркеуде талап­тарын енгізу арқылы халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар; 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары негізінде халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қолдану үшін қажетті шарттар: 1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықара­лық және өңірлік ұйымдарға мүшелігі; 2) стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет­тер арасындағы екі жақты (көпжақты) келісім-шарттардың (келісімдердің) болуы қажетті шарттар болып табылады. 7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасы мүшелігі болып табылмайтын халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын қолдану келісім-шарттарда және шарттарда көрсетілген стан­дарттарда сілтеме болған кезде жүзеге асырылады. 8. Шетел мемлекеттерінің ұйым стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға құқығы болатын олардың түпнұсқасын ұстаушы ұйымдарымен шарт (рұқсаттама) негізінде жүзеге асырылады. 9. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға қаблылданған халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштер, ТМД елдерінде әзірленген салалық стандарттар, ұйым стандарттары және техникалық шарттар тіркеу нөміріне ие болып, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізіледі. 10. Мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданған және есептік тіркеуден өткен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар туралы ақпарат, сондай-ақ хабарлама мәтіндері жыл сайынғы және ай сайынғы мемлекеттік стандарттардың ақпараттық көрсеткішінде жария етіледі (ҚР СТ АК). Жария етілуге сондай-ақ хабарлама мәтіндері және есептік тіркеуден өткен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат жатады. 11. Мемлекеттік стандарттардың халықаралық және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкестік дәрежесі туралы ақпарат қалыптастырылатын электронды деректер қорына, мемлекеттік стандарттары бойынша каталогтар мен сілтемелерге кіреді. 12. Халықаралық стандарттарға және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына бұрын енгізілген өзгертулер мен толықтырулар олардың ажыратылмайтын бөлігі ретінде ескеріледі және қолданылады. 13. Стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік нормативтік қүжаттардың есептік тіркеуден өтетіні туралы ресми ақпарат жария­ланғаннан кейін, олардың қолданылуына мүдделі жеке және заңды тұлғалар өнімнің, процестің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуден өтудің қосымша процедурасынан өтпей құжат пайдаланушы қатарына кіргізіледі. 2. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану 14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттар ретінде Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың қолданылуы мына әдістермен жүзеге асырылады: 1) растау; 2) қайта басу. 15. Халықаралық стандарттар талаптарына мемлекеттік стандарттар талаптарының мынадай сәйкестік дәрежелері қолданылады: 1) ұқсастығы (баламалығы); 2) өзгерістер енгізу (түрлендіру); 3) балама еместігі. 16. Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай индекстермен белгіленеді: ІDT - талаптары ұқсас болғанда; МОD - өзгерістер енгізілгенде (түрлендірілген стандарттар үшін); NEQ - талаптардың балама еместігі кезінде. 17. Мемлекеттік стандарттар ретінде халық­аралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды қолдану жөніндегі міндеттер мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына және (немесе) бағдарламасына кіреді. 18. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт­тарға растау әдісін қолдану кезінде стандарттар көрсеткішінде (каталогта) ұйымдық - өкімдік құжатты жариялау арқылы мемлекеттік стандарт статусы беріледі. Бұл әдіс мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми аударма нұсқасы болған және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер енгізу қажеттігі болмаған жағдайда мемлекеттік стан­дартқа сәйкестіктің балама деңгейімен халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт үшін қолданылады. 19. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік стандарт түрінде қайта басылу әдісі: 1) аудару; 2) жаңа басылымын құру жолымен қолданылуы мүмкін. 20. Аудару әдісін қолдану кезінде халықаралық стандарттың мемлекеттік және орыс тіліндегі ресми аударма жүзеге асырылады. Аудару әдісі сәйкестендірілген немесе түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады. Сонымен қатар халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартты басу кезінде атауы және аударма жүзеге асырылған ресми тілдің әріптік белгілеуі көрсетіледі. 21. Жаңа редакцияның құрылуы халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттың мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми нұсқасының болуы жағдайда немесе ресми аудармасы негізде және халықаралық, өңірлік және ұлттық стандартқа редакциялық өзгерістер, техникалық ауытқулар енгізу және (немесе) халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарт құрылымында айырмашылықтар болған жағдайда түрлендірілген сәйкестік деңгейімен мемлекеттік стандарттар үшін қолданылады. 3. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу 22. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеу: 1) жаңа технологиялар мен өнімді енгізумен байланысты халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды шұғыл қолдану талап етілетін; 2) халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Қазақстан Республикасы аумағында шектеулі пайдалануға ие болатын жағдайларда нақты пайдаланушылар үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік және орыс тіліндегі халықаралық стандарттардың және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының түпнұсқалық аудармасы қолдануға жатады. 23. Өнімге және онымен өзара байланысты объектілерге (терминологияға, жіктеуге, сынамаларды іріктеуге, бақылау әдістеріне, тасымалдау, сақтау, буып-түю, таңбалау, пайдалану, кәдеге жарату ережелеріне) арналған халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары есептік тіркеуге жатады. 24. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуге алу үшін мынадай құжаттар: 1) уәкілетті органның ведомстволық ұйымы растаған халықаралық стандарт пен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі түпнұсқалық аудармасының екі көшірмесі; 2) стандарттардың түпнұсқалары иесімен жасалған келісім-шарттың, ұйымның, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының, салалық стандарттардың, түпнұсқа иесінің осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен тұтынушыларды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті баяндалған техникалық шарттардың, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшінші жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшірмесі; 3) егер халықаралық стандарттарда және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында олардың құзыретіне кіретін өнімдерге, процестерге қойылатын міндетті талап­тары бар болса, өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне мемлекеттік органдары қорытындысының көшірмесі; 4) өнімнің каталог парағы (салалық стандарттар, ұйым стандарттары және техникалық шарттар, егер олар ТМД елдерінде әзірленген болса). 25. Ұсынылатын халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары нөмірленген, тігілген және мөрмен таңбаланған болуы керек. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуді уәкілетті орган жүргізеді. 26. Есептік тіркеу уәкілетті орган халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды мемлекеттік стандарттар ретінде, ал ТМД елдерінің стандарттарын мемлекеттік немесе мемлекетаралық стандарттар ретінде, бірақ халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттардың қолданылу мерзімінен артық емес қолдану туралы шешім қабылдағанға дейінгі мерзімде, сонымен қоса өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенше қолданылады. 27. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын, сондай-ақ нормативтік сілтемелерді өзекті етуге оларды пайдаланушылар жүргізеді. 28. Есептік тіркеу жүргізу туралы шешім қабылданған халықаралық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың (олардың ресми аудармаларында) мұқабаларында (титул беттерінде) мыналар көрсетіліп мөртабан басылады: 1) уәкілетті тіркеу органының шартты сандық белгісі мен атауы; 2) есептік тіркеу нөмірі; 3) тіркелген күні. Мөртабан мұқабада төменгі немесе оң жағы бұрышына қойылады. Шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары мен халықаралық стан­дарттарының материалдарына есептік тіркеу жүргізгеннен кейін уәкілетті орган Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорына тапсырады. 29. Халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қарау мерзімі есептік тіркеу жүргізуге уәкілетті органға ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды. 30. Уәкілетті орган мүдделі тұлғаларды есептік тіркеу жүргізуге бас тарту туралы оның себептерін көрсете отырып, жазбаша түрінде хабарлайды. 31. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар және шетел мемлекеттерінің стандарттау жөнін­дегі нормативтік құжаттары аталған стандарттар мен стандарттау жөніндегі құжаттардың әрекеті қолданылатын объектілерге қойылатын өзге де міндетті талаптарды белгілейтін техникалық регламент қабылданған жағдайда қолдануға жатпайды. _________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 2 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6278 болып енгізілді.

* * *

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығы

2010 жылғы 23 сәуір     №      40 Астана қаласы

Мемлекеттік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы

“Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.С. Камалиевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы А.РАУ.

* * *

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндеттерін атқарушының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 40 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік стандарттарды, техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жүргізу, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі

Осы мемлекеттік стандарттарды, техника-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жүргізу, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) “Техникалық реттеу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді. Осы Ереже мемлекеттік органдарға, стандарттау бойынша техникалық комитеттерге (бұдан әрі – ТК), жеке және заңды тұлғаларға таратылады. 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік стандарттар (бұдан әрі – стан­дарт) мен техника-экономикалық ақпарат жік­теуіштерін (бұдан әрі - ТЭА жіктеуіштері) әзірлеу мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдар­ламаларына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Стандарттарда белгіленетін талаптар ғылыми- зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарының нәтижелеріне, патенттік зерттеулерге, халықаралық, өңірлік немесе ұлттық стандарттар мен шетел мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережелеріне және (немесе) отандық және шетелдік ғылым, техника мен технологиялардың басқа да қазіргі заманғы жетістіктеріне негізделеді. 2. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу тәртібі 4. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады: 1) әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; 2) қарастыру және келісу; 3) сараптама; 4) бекіту және тіркеу. 5. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін, оларға өзгерістерді әзірлеудің басталғаны және олардың әзірлеушілері туралы ақпарат техникалық реттеу саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) интернет-ресурсында орналастырылады. 6. Стандарт және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеуші стандарт жобасы мен оған түсіндірме жазба әзірлеуді жүзеге асырады. Түсіндірме жазбада: 1) техника-экономикалық негіздеу және (немесе) стандартты және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу мен қолданудан экономикалық тиімділікті есептеу; 2) сәйкес тапсырманы көрсетіп стандартты және ТЭА жіктеуіштерін әзірлеу үшін негіз; 3) стандарттау нысанын сипаттау; 4) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен техникалық регламенттер, халықаралық стандарттар талаптарына, сондай-ақ ғылыми-техникалық дамудың қазіргі заманғы деңгейіне сәйкестігі туралы ақпарат; 5) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасының техникалық регламенттермен және стандарттау бойынша нормативтік құжаттармен өзара байланысы туралы мәліметтер; 6) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасын қарастыру мен келісуге тарату туралы мәліметтер; 7) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасын әзірлеу кезінде пайдаланылған стандарттау бойынша нормативтік құжаттар туралы ақпарат; 8) стандарт және ТЭА жіктеуіштері жобасын әзірлеуші мен қоса орындаушылар (электронды поштасын, байланыс телефоны/факсті қоса мекен-жайы), әзірлеу мерзімі туралы деректер; 3. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін келісу тәртібі 7. Стандарт және ТЭА жіктеуіші стандарттау объектісіне байланысты: 1) мемлекеттік органдарға олардың құзыреті шегінде; 2) қызмет саласына сәйкес стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерге; 3) сәйкестікті растау жөніндегі органдарға; 4) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредит­телген салалық бірлестіктеріне; 5) ғылыми-зерттеу институттарына (қажеттілігіне қарай) келісуге жіберіледі. 8. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын, соның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылғандарын келісу мерзімі қарауға түскен күндерінен бастап 60 күнтізбелік күннен аспауы керек. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейлерде стандартталмаған бақылау (сынау) әдістеріне және өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптардан тұратын стандарттар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкестікке келісуге жатады. 9. Стандарттың әзірлеушісі стандарт жобасын қарау және келісу қорытындылары бойынша пікірлер жинағын дайындауды жүзеге асырады. Әзірлеуші қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар стандарт жобасы бойын­ша пікірлер жинағына енгізіледі. Ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда негізі көрсетілген негіздеме жүргізіледі. 10. Стандарттың және ТЭА жіктеуішінің жобасы сондай-ақ техникалық регламенттерді әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдармен, егер стандарт жобасына олармен үйлестірілген стандарттар мәртебесін беру жоспарланса, келісіледі. 11. Терминология бойынша стандарттардың жоба­лары Қазақстан Республикасының Үкіметі жа­нындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияға қарауға жіберіледі. 4. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштеріне сараптау жүргізу тәртібі 12. Стандарттар жобаларын сараптауға мыналар кіреді: 1) әзірленетін стандарттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін белгілеу; 2) стандарттау объектілерін метрологиялық қамтамасыз ету; 3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген стан­дарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау, актуалдендіру және (немесе) бірыңғайлау қажеттігін анықтау; 4) қолданыстағы стандарттардың талаптарының қайталануын болдырмау; 5) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және бірдейлендіру көрсеткіштерінің болуын белгілеу; 6) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін белгілеу. 13. ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын сараптауға мыналар кіреді: 1) жіктеу және кодтау әдістерін таңдаудың дұрыстығы; 2) қолданыстағы өзара байланысты мемлекеттік жіктеуіштермен кешенді қолдану маңыздылығы; 3) резервтік сыйымдылықтың болуы; 4) жіктеуішті автоматты жүргізу мүмкіндігі. 14. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларын сараптауды уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымы олар сараптауға түскен күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде жүргізеді. Сараптау нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды беріледі. 15. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің жобаларының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасын растауды уәкілетті органның ведомство­ға қарасты ұйымы жүргізеді. 16. Стандарттау объектісіне байланысты, мемлекеттік стандарттың және ТЭА жіктеуіштері жобасын түсіндірме жазбасымен және пікірлер жинағымен бірге уәкілетті органның ведомствоға қарасты ұйымының сарапшылық комиссиялары (кеңестері) қарайды. 17. Пысықтағаннан кейін (қажетті жағдайларда) стандарттың және ТЭА жіктеуіштерінің жобасы уәкілетті органның стандарттау жөніндегі ұйы­мының Ғылыми-техникалық Кеңесінің хаттама­сымен Ғылыми-техникалық комиссияның қарауына және уәкілетті органға бекітуге беріледі. 5. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін бекіту және есепке алу тәртібі 18. Уәкілетті органға бекіту үшін мыналар жіберіледі: 1) екі дана ортақ мұқабамен рәсімделген мемлекеттік және орыс тілдеріндегі стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерінің жобасы; 2) бұйымның фотосуреті (қажет кезде); 3) техникалық тапсырма (бар болса); 4) стандарттың және ТЭА жіктеуішінің электрондық нұсқасы; 5) түсіндірме жазба; 6) пікірлер жинағы; 7) стандарт жобасын келісуді және (немесе) қарауды растайтын құжаттардың түпнұсқасы (электрондық пошта арналарымен келісілген кезде ұйым басшысының электрондық сандық қолы қойылған ұйым бланкісінде хаттың электрондық нұсқасы беріледі); 8) стандарт және ТЭА жіктеуіші жобасын қарау бойынша әзірлеуші жұмыстық топтың отырысының хаттамасы (олар өткен жағдайда), 9) қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы (дегустациялық немесе көркемдік-техникалық кеңестің) және (немесе) өнімді сынау актілері (олар өткен жағдайда); 10) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанын­дағы Мемлекеттік терминологиялық комис­сияның қорытындысы (терминология жөніндегі стандарт жобалары бойынша); 11) стандарт жобасы үйлестірілген ережелері бар халықаралық стандарттар. 19. Стандарттың және ТЭА жіктеуішінің әрбір жобасына іс рәсімделеді. 20. Уәкілетті орган ТЭА стандарттары мен жіктеуішінің жобасын әзірлеуден алып тастайды, сондай-ақ егер: 1) үйлестірілген стандарттар үшін техникалық регламентте көзделген мақсаттарға қол жетпеген болса; 2) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкессіздік табылса стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерінің жобасын әзірлеуден алып тастау себебін арнайы басылымдарда көрсете отыра ақпарат жариялайды. 21. Уәкілетті орган мына жағдайларда: 1) өнімнің қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, сәйкестікті растау органдарының қорытындысы болмаса; 2) редакциялық ескертпелер болса, сондай-ақ әзірлеуші негізсіз қабыл алмаған келісуші органның ескертпесі болса стандарттар мен ТЭА жобасын қайта пысықтауға қайтарады. 22. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерін уәкілетті орган бекітеді және бұйрығымен қолданысқа енгізіледі. 23. Бекітілген стандарттар мен ТЭА жіктеуіштері мынадай мәліметтер көрсетіліп Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі –Тізілім) енгізіледі: 1) тіркелген күні мен реттік нөмірі; 2) стандарт және ТЭА жіктеуішінің белгісі; 3) стандарт пен ТЭА жіктеуішінің атауы; 4) мемлекетаралық стандарттар жіктеуіші (МСЖ) бойынша тобы; 5) стандарт және ТЭА жіктеуішін бекіту туралы бұйрық нөмірі мен күні; 6) стандарт және ТЭА жіктеуішін енгізген тұлға атауы: жеке тұлға үшін – ТАӘ, мекен-жайы; заңды тұлға үшін – атауы, заңды мекен-жайы; 7) стандарт және ТЭА жіктеуішіне өзгеріс және жою; 8) енгізілетін күні; 9) халықаралық стандарттармен үйлестірілуі. 6. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштеріне енгізі­ле­тін өзгерістерді әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу тәртібі 24. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізі­летін өзгерістер жекелеген талаптар ауыстырылған, толықтырылған немесе алып тасталған, олардың қолданылуы ұзартылған, шектелген немесе қайта қалпына келтірілген кезде әзірленеді. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізілетін өзгерістер қолданыстағы стандарттар мен ТЭА жіктеуіш­тер бойынша жасалатын өніммен жаңа өнімнің өзара ауыстырушылық және үйлесімділік талаптарын бұзбай­тын жаңа талаптар енгізу және халықаралық стандарт­тармен үйлестіру қажет болған кезде әзірленеді. 25. Стандарттар мен ТЭА жіктеуіштерге енгізі­летін өзгерістер осы ереженің 2-5-бөлімінде белгі­ленген тәртіппен уәкілетті органға бекітуге беріледі. 26. Өзгерістерді уәкілетті орган бекітеді және қолданысқа енгізеді және Тізілімге енеді. 7. Стандарттарды және ТЭА жіктеуіштерін қолданыстан алып тастау тәртібі 27. Стандарттарды жою: 1) осы стандарт бойынша өндірілетін өнімнің (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шығарылуын тоқтату; 2) жаңа стандартты қолданысқа енгізу; 3) техникалық регламентті қолданысқа енгізу кезінде жүзеге асырылады. 28. ТЭА жіктеуіштерін қолданыстан алып тастау жаңа ТЭА қолданысқа енгізілген жағдайда жүзеге асырылады. 29. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау кезінде уәкілетті органға мыналар: 1) қолданыстан алып тастау туралы ұсыныстар; 2) оны алмастыратын құжат немесе ауыстырусыз стандартты қолданыстан алып тастау туралы ақпарат; 3) стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастауға келісімді растайтын құжаттардың түпнұсқасы жіберіледі. 30. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады. 31. Қолданыстан алып тасталған стандарт ісі Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында тұрақты сақталады. 8. Стандартты және ТЭА жіктеуішін қолданысқа енгізу тәртібі 32. Стандарт және ТЭА жіктеуіші уәкілетті орган­ның шешімі бойынша қолданылу мерзімі шектеліп немесе шектеусіз, өндіріс технологиясы жаңарту мерзімі (жұмыстарды, қызмет көрсетуді орындау), стандарттау объектісі мерзімін ескере отырып қабылданады. Шектеген жағдайда стандарттың қолданылу мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Стандарттар және ТЭА жіктеуіштері кезеңді тексеруге жатады, ол туралы “Алғысөз” құрылымдық элементінде көрсетіледі. 33. Істі актуалдау стандарт және ТЭА жіктеуіші әрбір өзгерту, қолданылу мерзімін ұзарту, қолданылу мерзімінің шектелуін алып тастау, стандарт және ТЭА жіктеуішін қолданыстан алып тастау бойынша құжат­тардың келіп түсуі шамасы бойынша жүзеге асырылады. 34. Стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістердің енгізілген күні стандарттардың және ТЭА жіктеуіштерінің, сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістердің енгізілуін қамтамасыз ететін қажетті іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, оларды бекіткен күнінен бастап кем дегенде алты айдан кейін белгіленеді. 35. Белгіленген талаптарды сақтау үшін қажетті жағдайлар болған жағдайда заңды және жеке тұлғалар стандартты және ТЭА жіктеуішін және оларға өзгерістерді олардың бекітілген және мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен ерте емес мерзімінен бұрын енгізуге құқылы. 36. Қолданылу мерзімі уақтылы ұзартылмаған стандарттар және ТЭА жіктеуіштері күші жоқ деп танылады. Егер стандарттың қолданылу мерзімі өткен сәтте