• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2010

Босаған білім гранттары кімдерге беріледі?

664 рет
көрсетілді

Жуырда Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Алматыда үш бірдей жиын өткізді. Жаңа оқу жылы қарсаңында қарбалас болып жатқан білім саласында биыл елең еткізерлік бастамалар мен өзгерістер баршылық. Оңтүстік астанада өткен жиын­ның бірі босаған білім гранттарын бе­рудің жай-жапсарына арналды. Рес­публикалық конкурстық ко­мис­сия мәжілісіне Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерінің басшыларымен қоса, жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Республикалық білім ведомст­во­сының басшысы конкурс қоры­тын­дысын шығара келе, аталмыш ми­нистрлікте студент жастарды қолдау жөнінде айтарлықтай жұмыстар жүр­­гізіліп жатқанын атап өтті. Емтихан сессияларының нәтижесі бойынша жылына екі рет босаған білім грант­тары беріледі. Бұл ретте студенттің әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Сонымен, 2010 жылдың талап­кер­лері де биыл мемлекет назарынан тыс қалып отырған жоқ. Респуб­ликалық конкурстық комиссияның шешімімен 35 мыңнан астам білім гранттары бе­рілсе, жаңа оқу жыл­ын­дағы білім грант­тары өткен жылмен салыс­тыр­ғанда, 1085-ке артық. Бұл – тегін жоға­ры білім алудың қосымша мүмкіндігі деген сөз. Босаған білім гранттары аралық аттестациялаудың нәтижелері не­гізінде тағайындалып отыр. Әде­т­те­гідей, босаған білім гранттарын бөлуде халықтың әлеуметтік әлсіз топ­тарына жататын ақылы негізде білім алушы жетім, мүгедек сту­дент­терге, жалғызбасты ата-аналардың балаларына конкурстық комиссия­ның шешімімен басымдық беріледі. Жоғары білім алу үдерісінде босаған білім гранттарын тағайындау үшін 76 жоғары оқу орнынан 5547 білім алушы құжаттарын тапсырған. Ал республикалық конкурстық ко­миссия төмендегі мамандықтар бой­ыша 1670 бос білім грантын та­ғай­ындады. Гуманитарлық ғылым­дарға – 35, құқық – 8, өнер – 84, әлеум­еттік ғылымдар және бизнеске – 19, жаратылыстану ғылымдарына – 48, техникалық ғылымдар мен техно­логияларға – 444, ауыл ша­руашы­лығы ғылымдарына – 144, қыз­мет көр­сетуге – 16, ветеринария – 32, ден­сау­лық сақтау және әлеуметтік қам­та­масыз етуге 467 грант бөлініп отыр. Конкурстық комиссияның ше­ші­мімен соғысқа қатысушылар мен со­ғыс мүгедектеріне теңестірілген тұл­ға­лар үшін квотамен қабылдау бой­ынша қажеттіліктен тыс қалған 82 білім беру гранты, резервтегі 50 білім беру гранты, жалпы 132 білім беру гран­ты 103 жетім балаға және Қы­зылағаштан шыққан 29 талап­керге берілген. Айнаш ЕСАЛИ.