Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен құқық қорғау саласын реформалау жөнінде жұмыс бабындағы кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Сол сияқты Үкімет басшысы осы күні әкімшілік реформа және министрліктер мен ведомстволар жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері бойынша де кеңес өткізді.
* * *
Ықпалдастық ахуалы сөз болды
Кеше түстен кейін Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Абу-Даби әмірлігі Сауда-экономикалық палатасының президенті Мухаммад Сани Муршид әл-Рамейсимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық қызметтестікті одан әрі дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы өзара байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды.