• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2010

“Нұр Отан” фракциясының төралқасы бас қосты

502 рет
көрсетілді

“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Қазақстан Рес­пуб­ликасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының отырысы өтті. Оты­рысты Мәжіліс Төрағасы, аталған партия фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов жүргізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Төралқа отырысында “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының Қазақстан Республикасы Парламентінің  төртінші сессиясына арналған іс-шаралар жоспары қаралды. Сонымен қатар, төралқа мүшелері депутаттар – фракция мүшелерінің 2010 жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел өңірлерінде атқарған көшпелі жұмыстарының қорытындысын да талқыға салды.