“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы төралқасының отырысы өтті. Отырысты Мәжіліс Төрағасы, аталған партия фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов жүргізді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Төралқа отырысында “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясына арналған іс-шаралар жоспары қаралды.
Сонымен қатар, төралқа мүшелері депутаттар – фракция мүшелерінің 2010 жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында ел өңірлерінде атқарған көшпелі жұмыстарының қорытындысын да талқыға салды.