• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2010

“Көмектегілерге” көмектеспек

459 рет
көрсетілді

Семейдегі мүгедек жандарға арналған мекемелердің бірі “Кө­мек” деп аталады. Жуырда осы ме­кемеге алыстағы Швейцария елінен Майнрад Шаде деген суретші ар­найы келіп атбасын тіреді. Егемен ел атанып, Елбасы Жарлығымен Се­мей атом полигоны жабылған­нан бергі кезеңде гуманитарлық мақсатпен бұл жаққа кімдер келіп кетпеді дейсіз. Соған орай, қазірде бұрынғы полигон аймағы түрлі мазмұндағы көмектен кенде емес. Солай дей тұрғанмен, бұл жол­ғы қонақтың Семейге келісінің жөн-жосығы мүлдем бөлек болып шықты. Яғни, оның басты мақсаты “Көмек” бірлестігінде тіркелген по­ли­гон аймағындағы дарынды мүгедек балаларға көмектесу екен. Осы мақсатпен қонақ мұндағы жас таланттардың шығармашылық жұмыстарымен жете танысты. Сурет салып, кесте тіккен, өлең шығарып, ән айтқан жеткіншектер қонақты тәнті етті. Ол, суретші ретінде әсіресе, Архат Шаштығарин есімді жас таланттың суреттеріне зор қызығушылық танытып, мынадай суреттерді салу менің де қолымнан келмейді деп ағынан жарылды. Алыстан келген қонақ полигон аймағындағы жас таланттардың шы­­ғармашылық жұмыстарына шет­­елдік қайырымдылық ұйымдары­ның назарын аударуға тырысып бағамын деп кетті. Қырықтың бірі қыдыр деген. Лайымда солай бо­лып, тағдырдың тәлкегіне түскен жеткіншектеріміздің жұлдызы жанып шыға келіп жатса, кәнеки! Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей.