• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2010

Бибігүлдің байқауы

512 рет
көрсетілді

Алматыда КСРО халық әртісі, академик Б.Төлегенованың ІV халықаралық вокалистер байқауы өтуде Жексенбі күні, 19 қыр­күйекте басталған байқау жастарды клас­си­калық және халықтық музыкаға бау­луды мұрат тұтады. Жас таланттарды табуға септесетін бұл байқаудың басқа да атқаратын міндеттері жеткілікті. Ұлттық классикалық өнерді ұлықтайтын шара қазақ сазгерлерінің шығар­маларын да насихаттауды мақсат етеді. Сонымен, қыркүйектің 27-сіне дейін жалғасатын, Жам­был атындағы Мем­ле­кеттік фи­лар­монияда өтіп жатқан бай­қауға еліміздің түкпір-тү­к­пірінен, жақын және алыс шет­елдерден опера өнері жас саң­лақтарының жолы түсіп отыр. Байқаудың опералық-кон­церттік бөлімінде туған күні 1976 жылдың 1 қаңтарынан ерте емес және 1990 жылдың 31 желтоқ­са­нынан кеш емес ән­шілер қа­тысуда. Ақтық бай-қауға 12 орындаушы жібе­ріл­мек. Байқауға қатысушылардың қабілетін мәртебелі, кәсіби бі­лік­ті қазылар алқасы ба­ғал­айды. Ха­лықаралық қазылар алқасының төрайымы – КСРО халық әртісі, академик Бибігүл Төлегенова. Қазы­лар алқасының құрамында опе­ралық өнердің майтал­ман­дары КСРО және Қыр­ғыз­стан­ның ха­лық әртісі Қ.Сартбаева, Қа­зақ­станның еңбек сіңірген әртісі, профессор Ш.Әбілов, Санкт-Петербург консер­ва­то­риясының профессоры Д.Но­ви­ченко, Эстонияның х­а­лық әртісі, КСРО Мем­лекеттік сый­лы­ғының лау­реа­ты М.Па-льм, халықаралық ко­н­курс­­тардың лауреаты, София және Бургас опера театрларының жеке орындаушысы О. Го­ра­нов­тар бар. Осынау өнер мерекесі жаңа жас орындаушыларды танытып қана қоймай, енді біреулерін әлемдік сахна төріне баулиды. ІV халықаралық вокалистер байқауына Қазақстан Рес­пуб­ли­­касының Мәдениет ми­нис­трлігі мен Алматы қалалық әкім­дігі қолдау танытып, төрт жылдан бері “Шеврон” ком­па­ниясы демеушілік көрсетуде. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.