Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Н.Әбіқаев Президентті Комитеттің ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмыстарының басым бағыттары туралы хабардар етті.
Кездесу барысында сондай-ақ еліміздің ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы сөз болды.
* * *
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Қ.Қожамжаров Президентті Агенттіктің ағымдағы жылғы 8 айдағы жұмыс қорытындыларынан хабардар етті.
Кездесу кезінде сондай-ақ “Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Президенттің Жарлығы аясында қаржы полициясы органдарындағы реформа барысы туралы сөз болды.
– Мемлекет басшысы қаржы полициясы органдарына өздерінің күн сайынғы қызметінде сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күресті күшейтуді тапсырды, – деді журналистерге арналған брифингте Қайрат Қожамжаров.