• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2010

Кеше...

442 рет
көрсетілді

...ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ Қазіргі кезде Талғар, Жамбыл, Іле, Қарасай, тағы басқа аудандар тұрғындары “көгілдір отынды” тұрмыстарына берік енгізді. Ал кеше Талдықорған аймағына газ құбырын тарту жөнінде облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен КАТЭК ғылыми-жобалау компа­ния­сы бірлесіп, қоғамдық тыңдау өт­кізді, техника-экономикалық жоба үлгісін көпшілік назарына ұсынды. Аталған жобаның құны 17,2 млрд.теңге болса, газ құбыры Кер­бұлақ, Көксу аудандары арқылы жол бойындағы елді мекендерді қамтып, Талдықорғанға жеткізіл­мек. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. * * * ...ШӘМШІ ӘНДЕРІНЕН ШАШУ ШАШЫЛДЫ Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінде есімі елімізге әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына орай “Бақыт құшағында” атты музыка­лық кеш өтіп, Шәмші әндерінен көпшілікке шашу шашылды. Әсерлі ән кешіне белгілі әнші­лер­мен бірге жас әншілер де қаты­сып, атақты композитордың туын­дыларымен көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Кеш бары­сында мәдениет үйі көркем­өнер­паздары мен “Дарын” ән үйір­месінің балауса әншілері Шәмші Қалдаяқовтың халыққа танымал, көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін әуелете шырқап, көпшілік құрметіне бөленді. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда. * * * ...ЖЕҢІМПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ Көкшетауда “Қазақстанның үздік тауарлары” дәстүрлі байқау көрмесі ұйымдастырылды. Оған барлық аудандар мен облыстық деңгейдегі екі қаланың іріктеу бәсекесінде озып шыққан бетке ұстар кәсіпорындары қатысты. Қазылар алқасы екі күндік тал­қылаудан кейін “Үздік азық-түлік тауарлары”, “Өндірістік мақсат­та­ғы үз­дік тауарлар” және “Тұрғын­дарға арналған тұтыну тауарлары” сана­тындағы 10 кәсіпорынды таң­дау­­лылар тұғырына көтерді. Олар­дың арасында Астрахан ауданын­дағы “Колутон-95” ЖШС, Жақсы ауда­нындағы “Айбат” ЖШС, Зе­ренді ауданындағы Айдабол спирт зауыты, т.б.өндіріс орындары бар. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы. * * * ...ӘУБӘКІРОВТІҢ СУРЕТ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Алдияр Әубәкіров – Шығыс өңіріне есімі жақсы таныс, мем­лекеттік қызметте жауапты адам бол­са да өлең жазып, сурет сала­тын, белгілі қылқалам иелерінің та­маша суреттерін жинайтын азамат. Оның 300-ден астам суреті бар. Кеше А.Әубәкіровтің соңғы жиырма шақты жылда жинаған суреттері облыстық А.Пушкин атын­дағы кітапханаға көрмеге қой­ылды. Оны тамашалап жатқандар аз емес. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.