• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
22 Қыркүйек, 2010

Мерейтойға дайындық барысы қаралды

396 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуге дайындалу және тойлау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Бейнеселекторлық кеңес түрін­де өткен отырыс жұмысына Пре­зидент Әкімшілігінің басшылығы, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық және жергілікті атқару органдарының басшылары, сол сияқты үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері қатысты. Ұйымдастыру комитетінің мү­ше­лері ҮЕҰ-лардың, жастар ұйым­дарының, партиялардың,  ғылыми және шығармашылық интел­ли­генция өкілдерінің қатысуымен әзірленген Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғын Астана қаласы мен елдің барлық өңірлерінде атап өту тұ­жырымдамасының жобасын талқылады. Сол сияқты республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығын той­лаудың жалпыұлттық жоспарының жобасын дайындау мәселелері бойынша пікір алмасылды. Талқылауға Сенат депутаты Қуа­ныш Сұлтанов, Мәжіліс депу­тат­тары Динар Нөкетаева мен Ай­гүл Соловьева, Павлодар облы­сының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов,  Маң­ғыс­тау  облысының  әкімі  Қырымбек  Көшербаев, сондай-ақ “Қазақстан Жастары конгресі” заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Нұрлан Сыдықов, Қазақстан заң университетінің президенті, “Әді­лет” партиясының жетекшісі Мақ­сұт Нәрікбаев, “Ақ жол” ҚДП төр­аға­сы Әлихан Байменов, т.б. қатысты. Талқылау қорытындысы бойын­ша Премьер-Министр айтылған ескертулер мен  ұсыныстарды  еске­ре отырып, ұсынылған жобаны толықтыра түсу жөнінде тапсырма берді.