Бас прокуратура алқасының кезекті кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда кәсіпкерлердің лицензияланған қызмет аясындағы құқықтарын қорғауды, сондай-ақ жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген кезде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері қаралды. Тергеу және өзге де әрекеттерді жүзеге асырған кезде құпия және қызметтік ақпараттарды қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Алқа жұмысына Жоғарғы Соттың және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Талқылау нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нәтижелілігін арттыру, күштерін үйлестіру, шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған прокурорлық қадағалау мен ведомстволық бақылаудың рөлін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді және шаралар пысықталды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.