• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2010

Әлеуметтік қолдау кеңейе түспек

456 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңдағы еліміздегі әйел­дердің қоғамда кездесіп жатқан түр­лі түйіткілді мәселелерді, сон­дай-ақ жас отбасылар мен жетім ба­лалар және ата-ананың қамқор­лығынсыз қалған балаларға қа­тыс­ты мемлекет тарапынан көр­се­ті­летін әлеуметтік қолдау шарала­ры­ның барысын талқылауға арналған Қазақстан Республикасы Прези­денті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комиссия­­ның кезекті отырысы болып өтті. Мемлекет басшысының 2009 жыл­­­ғы 5 наурыздағы Қазақстан әй­ел­­дерінің V Форумында берген тап­сырмаларды орындау барысы да талқыланды. Алғашқы сөзді Білім және ғы­лым вице-министрі Махметғали Сары­беков алып, еліміз бойынша 90 мың­ға жуық жас отбасылар барын, алай­да олар үшін арнайы мем­лекеттік бағдарламаның қа­был­данбағандығын тілге тиек етті. Соң­ғы уақыттарда некесіз туылған ба­лалардың, жалғыз басты ана­лар­дың, ажырасу, тіпті кәмелетке тол­ма­ған жас аналардың көбейіп кет­кен­дігі жөнінде өз өкі­нішін біл­дір­ді. Мұндай жәйттердің көбеюіне түрлі факторлардың әсер еткені айт­­­­­­­­­­паса да түсінікті. Ең басты се­беп, жас отбасылардың әлеуметтік жағдайы көрінеді. Сонымен қатар, вице-министр ауыл жастарын қол­­дау мәселелер де қозғады. Отырыстың қызу талқысы жас от­басылардың статистикалық кате­го­риясы төңірегінде өрбіді. Мә­селен, “жас отбасы” деген терминді статис­тикалық санау деңгейіне көтеру арқылы ғана олардың әл­еу­меттік жағдайларына қатысты мә­се­лелерді толық шеше алатындығы белгілі болды. Жас отбасылармен қо­са, жас педагогтардың жағдай­ла­ры, жалғыз­басты аналардың ба­ла­ларды өсіріп-бағуларына қолдау көр­сету, сту­денттердің толықтай жа­тақханаға орналасуы туралы Мә­жіліс депутаты Елена Тарасенко арнайы әлеуметтік жүйе құрылу керектігін алға тартты. Әлеуметтік мәселелер әңгіме ар­­­қауына айналған жиынды Пре­зидент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық комис­сия­ның төрайымы Гүлшара Әбді­қа­лықова қорытындылады. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.