Жуырда Алматы облысы Қапшағай қаласы Заречный ауылындағы №12 орта мектепте “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Акция аз қамтылған, көп балалы , жетім балалар және де ата-аналарының қамқорлығынан айырылған оқушыларға қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Оған мемлекеттік мекемелер, жеке кәсіпкерлер, акционерлік қоғамдар белсене қатысты. Соның ішінде біздің ЛА-155/12 мекемесінің қызметкерлері де бар. Аталмыш білім ұясының 8 сынып оқушысы Мұқағали Әбілқасымов пен 4 сынып оқушысы Сәуле Байдаироваға мектеп формалары мен оқуға қажет құралдар тапсырдық. Бұл акция патриотизм мен рухани-адамгершілік, зерде мәдениетіне арналған. Сонымен қатар, шара оқушылардың жан-жақты қызығушылығын, қабілетін, саламатты өмір салтын арттыру, қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылғанын айта кеткеніміз жөн.
Ж.ЖАПАШЕВА, әділет лейтенанты.
Алматы облысы.