• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2010

Заң үстемдігіне қол жеткізілсін

485 рет
көрсетілді

Бұған дейін хабарлағаны­мыз­дай, Қырғызстандағы парламент сайлауы алдындағы ахуалмен танысу үшін ЕҚЫҰ Іс басын­дағы төрағасының Арнаулы өкілі, Парламент Мәжілісі Төр­ағасының орынбасары Ж.Кәріб­жанов ЕО-ның Орталық Азия елдері бойынша Арнаулы өкілі П.Морель және БҰҰ-ның Орта­лық Азиядағы аймақтық орта­лығының басшысы М.Енчеймен бірге 2010 жылдың 13-15 қыр­күйегі аралығында Қырғыз Республикасына барып қайтқаны белгілі. Сапар барысында халықара­лық ұйым өкілдері өтпелі кезең өкіметі басшыларымен, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің диплома­тиялық миссиялары басшылары­мен жағдайды жан-жақты талқы­лап, консультациялар алды және халықаралық қоғамдастықтың Қырғыз Республикасына қатыс­ты шараларын үйлестіру мәсе­лелерін қарастырды. Қырғыз Республикасының өтпелі кезеңдегі президенті Р.Отунбаева елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы халықаралық қоғамдастықтың жасап жатқан әрекеттеріне, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қазақ­стандық төрағалығының заң үстемдігінің сақталуы мен эко­номиканы тұрақтандыру бағы­тын­да атқарып жатқан нақтылы қолдауларына ризашылығын білдірді. Бірінші вице-премьер А.Мұралиевпен болған кездесуде елдің оңтүстік аймағын қалпына келтіру, экономиканы дамыту, қысқа дайындық мәселелері талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы А.Са­риев сайлауға дайындықтың ба­рысымен таныстырды. 10 қыр­күйекте Қырғызстанда сайлауал­ды науқаны басталған болатын. Елде шамамен 2 млн. 700 мың сайлаушы бар. Сайлауға 29 партия қатысады. Байқаушы ретінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ, ЕҚЫҰ ПА, ТМД ПАА, ШЫҰ, ТүркПА және басқа ұйымдардан өкілдер келмекші. Ресей Федерациясы прези­дентінің Қырғызстанмен арадағы қатынастарды дамыту жөніндегі арнаулы өкілі В.Рушайломен болған әңгімеде Қырғызстандағы сайлау алдындағы ахуал, экономиканың жағдайы және елдегі саяси үдерістердің даму перспективалары туралы пікір алмасылды. ҮЕҰ өкілдерін сайлаумен қатар гуманитарлық көмектердің әділетті бөліну мәселелері тол­ғандырады екен. Оңтүстік ай­мақтардағы құрылыс жұмыста­рына жарияланған тендерлерді өткізуде сыбайлас жемқорлық және ахуалды халықтан жасыру­шылық жайлары байқалады. Елде ІІМ, сот және прокуратура қызметкерлерінің біліксіздігі мен сыбайластығы туралы жалпы­лама сындар көп айтылады. ОСК-де тіркелген саяси партиялар өкілдерін үгіт үдерісі басталмай жатып әкімшілік ресурстардың араласуы мен сай­лау қорытындысын бұрмалау ісі қатты толғандыруда. Олардың ойынша, бұл – елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға әкелетін факторлардың бірі. Сапар қорытындысы бой­ынша ЕҚЫҰ, БҰҰ және ЕО арнаулы өкілдері бірлескен мә­лімдеме жасап, онда халықара­лық қоғамдастықтың елдегі жағдайды тұрақтандыру ісі бойынша Қырғызстанның өтпелі кезеңіндегі үкіметін жан-жақты қолдайтындығы айтылды. “Егемен-ақпарат”.