• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қыркүйек, 2010

Еліміздегі адам құқықтарының ахуалы

550 рет
көрсетілді

23 қыркүйекте Сыртқы істер министр­лігінің мәжіліс залында Адам құқықтары жөніндегі ко­миссия дайындаған “2009 жылғы Қазақ­стан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы” баян­даманың тұсаукесері болып өтті, оны 2010 жылғы 14 маусымда Мем­лекет басшысы мақұлдаған болатын. Баяндама адам құқықтары жө­ніндегі халықаралық және ұлт­тық сарапшылардың оң бағасын алды. Баяндама Ұлыбританияның Қазақ­стандағы және Қырғыз­стан­дағы елшілігінің, Еуропа­дағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйы­мы­ның Астанадағы орта­лы­ғының техника­лық жәрдемімен қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде жеке тара­лым­мен кітап ретінде басылып шықты. Тұсаукесер рәсіміне қатысқан­дарға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Қай­рат Сарыбай, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис­сияның төрағасы Сағынбек Тұр­сынов, Ұлыбританияның Қазақ­стан­дағы және Қырғызстандағы елшісі Дэвид Моран мырза, Еуро­падағы қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымының Астана­д­ағы ор­талығы басшысының орын­басары Жаннет Клетцер ханым, БҰҰ-ның Бос­қындар істері жөнін­дегі басқар­масының Орталық Азиядағы өңірлік үйлестірушісі Сабер Азам мырза құттықтау сөз сөйледі. Тұсаукесер рәсіміне қатысқан­дар ал­дында сөз сөйлеген Адам құқықтары жөнін­дегі комиссияның төрағасы Сағын­бек Тұрсынов баян­даманың құқық қорғау тетіктерін халықаралық стандарт­тарға сәйкес одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты қадамдарды көздейтінін атап өтті. Баяндаманы Комиссия мүше­лері Тастемір Әбішев, Леонид Мар­тынов, Виталий Воронов, Еңлік Нұрғалиева, Мәдина Жарбосынова таныстырды, олар тұсаукесер рәсіміне қатысушылар мен қонақ­тардың сұрақтарына жауап берді. Комиссияның баяндамасы онда көз­дел­ген ұсынымдар мен іс-шараларды іске асыру үшін Қазақ­стан Республи­касының Үкіметіне, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді.