• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2010

Подобедованың әлемдік үш рекорды

637 рет
көрсетілді

Қазақстандық ауыр атлетші дүние жүзінің екі дүркін чемпионы атанды Үш-төрт жыл бұрын Ре­сей­ден келген Светлана Подо­бедова өз отандастары тара­пынан талай зәбір, кемсіту­ші­лік көрді. Егер ол Бейжіңдегі Олимпия ойындарына қатыс­қанда, сөз жоқ, Қазақстан қор­жынына үшінші алтын алқаны сыйлайтын еді. Амал бар ма, Ресейдегі ауыр атлети­ка­ның тұтқасын ұстап отыр­ған шенеуніктер де, бапкерлер де тастай қатып, қанша рет ке­ліссөзге шақырсақ та жі­бімей-ақ қойғаны. Арада бір жылдан кейін ғана Светлана ірі жарыстарға қатысу мүм­кін­дігіне ие болды. 2009 жылы Оң­түстік Кореяның Гоянг қаласында өткен әлем чем­пио­натында С.Подо­бе­до­ваның Қытай, Ресей қызда­рын да шаң қаптырып, үш бірдей әлем рекордын жаса­ға­ны спорт десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлерге жақсы таныс. С.Подобедова сәрсенбінің сәтінде Астана уақытымен кешкі 20.00-де жарысқа шы­ғуы тиіс. Екінші қызымыз, еліміздегі ауыр атлетиканың да­муына он жыл бойы үлес қосып келе жатқан Татьяна Хро­мова да Светлананың намысын жанып, бірге өнер көрсетпек. Қазақстандық жан­күйерлер Анталиядағы “Экс­по” спорт аренасына барды. Света тіс жармайды, үнсіз, мазасын алуды жөн көрмедік. Сол күні Қуаныш Рахатов ер­лер арасында 77 кило сал­мақ­та “В” тобында жарысқа қа­тысқан. Амал бар ма, ол жұл­қи көтеруде 155 килоны ба­сынан асырғанымен, кенеттен жарақат алып, жарыстан шығып қалды. Ал бұл салмақта армян спортшысы чемпион атанды. Екінші орын қытайлық атлетте. Туризм және спорт ми­нис­трі Темірхан Досмұхам­бетовтің ауыр атлеттер сайы­сына арнайы келіп қатысуы спортшылардың ғана емес, барлығымыздың еңсемізді көтеріп тастады. Мая Манеза алғашқы алтынды иеленгенде қасынан табылып, алтын ал­қасымен және әлем рекорды­мен өзі құттықтаған. Ауыр ат­летика федерациясының пре­зиденті, осы саланың өркен­деуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Қайрат Тұрлы­ханов сол сәтте ендігі үміт С. Подобедовада, оның да өз рекордын жаңартуға мүмкін­дігі бар екенін тілге тиек ет­кен. Бірақ Қайрат Болатұлы ресейлік екі қыздан да қауіп­тенетінін жасырмаған. Жарыс басталар алдында Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов пен басқа да делегация мүшелері Свет­ланаға жігер беріп, на­мысын жанады. Жұлқи көтеру. Қытайлық Ли-Хия үшінші әрекетінде 120 килоны көтере алмады. Бела­русь өкілі Ирина Кулешина 120 килоны бағындырды. Ис­пан қызы Лидия Валентиннің жолы болмады. Ол 117 кило­ны көтере алмай, жарыс жо­лы­нан шығып қалды. Н. Заболотная 127 килоны еркін көтерді. С.Подобедова 130 килоны бағындырған соң 134 килоны да еркін игеріп, өз рекордын бірден екі килоға жаңартты. Серпе көтеру. Федерация басшысы босқа қауіптенбеген екен. Сайысқа қатысқан он арудың арманы – реті келгенше өз елдеріне лицензия ұпайын барынша көбірек алу. Оның тәртібі қарапайым. 25-ші орынға дейін ұпай берілмек. Жүлделі орындардың ұпайлары да жоғары. Беларусь атлеті Ирина Кулешова 140 кило салмақты қиналмай бағындырды. Ресейлік Надежда Евстюхина 155 килоға тап­сырыс берген. Ресейлік ауыр атлетика маман­дары­ның тактиканы өзгертіп жібергені анық болды. Сірә, олар Подобедованың ерен күші мен өздеріне деген салқын қабағын аңғарса керек. Евстюхина 150 килоны бағындырған соң, Наталья Заболотная 153 килоны басынан асырды. Светаның жүйкесі мықты екеніне талай көз жеткізгенбіз. Қазір де байсалды. Төрге шықты да қолын борға малып алып, 155 кило зілтемірді еркін көтерді. Екіншіге Евстюхина 157 килоға тапсырыс бергенімен көтере алмады. Наталья Заболотная айды аспанға шығарып, 160 килоны бағындырды. Бұл – әлем рекордын қайталау. Евстюхинаның екінші тынысы ашылғандай. Ол да 160 килоны көтеріп, әлем рекордын қайталады. Ресейлік жанкүйерлер бір-бірін құттықтап жатыр. Міне, сын сәтте С.Подобедова салқынқан­ды­лық таныта білді. Ол 161 килоны еркін көтеріп, бәрімізді таңқалдырды. Диктор түрік­ше, ағылшынша “Фантастика”, “Фантастика” деп жатыр. Өздері де байқамаса керек, жаны­мызда отырған жергілікті жанкүйерлер Қазақ­стан делегациясын құттықтады. Қаны бір түрік ағайындардың бұл қуанышын жақсы­лыққа жорыдық. Сонымен, С.Подобедова үш бірдей әлем рекордына түзету енгізді. Мұның алдын­дағы рекорды 134, қоссайыста 161, жал­пы көтергені 295 кило болатын. Ал Анталия­дағы чемпионатта рекордын ол бірден үш килоға жаңартты. Еліміздің көк байрағы Анталия тө­рін­де шалқыды. Осыдан кейін Темірхан Дос­мұхамбетов ақпарат өкілдеріне сұхбат берді. “Лондонда ауыр атлеттер кем дегенде екі неме­се үш алтын алуары тиіс. Жұмыс осы бағытта құрылуы керек”, – дегенді айтып қалды ми­нистр. Ол өткен жолдағыдай үш аруға да елі­міздің атынан ескерткіш сыйлықтар тапсырды. Светлана жарыс аяқталған соң БАҚ өкіл­деріне сұхбат берді. “Екінші мәрте әлем чем­пионы атанып қана қоймай, үш бірдей рекорд жасағаныма қуаныштымын. Федерация прези­денті Қайрат Тұрлыханов, бас бапкер Алексей Ни, кеңесші Энвер Түркелериге, жеке бапкерім Виктор Ниге ерекше алғысымды айтқым келе­ді. Бүгінгі жарыс ауыр болды. Ресейлік екі қар­сыласым сыралғы құрбылар. Наталья За­болот­ная жұлқи көтеруде 133 килоға тапсырыс бер­ген­де, 134 килоны бағындырамын деп ой­ладым. Бір мүмкіндігімді бұғып қалдым, оны Лон­донда пайдаланармын”,– деді С.Подобедова. Кеше Владимир Кузнецов 85 кило салмақта Ас­тана уақыты бойынша 23.00-де аренаға шық­ты. Ал бүгін А.Өтешов, А.Аборнева, әлем чем­пионы В.Седов бақ сынаса, ертең жарыстың соң­ғы күні И.Ващанов, С.Истомин бәсекеге түседі. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Егемен Қазақстан” – Анталиядан.