• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Қыркүйек, 2010

Баспасөз – 2011

531 рет
көрсетілді

ОРАЛДЫҚ ОҚЫРМАНДАР ОРТАСЫНДА Газетімізде бұған дейін хабарланғанындай, республиканың батыс облыстарына шығармашылық іссапары кезінде “Егемен Қазақстан” РГ” АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде қала зиялыларымен, оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен және студент жастармен кездесті. Басқосуда газет басшысы мен оралдық оқырмандар арасында жанды байланыс орнады. С.Абдрахманов олардың қойған сан алуан сұрақтарына толыққанды жауаптар қайтарды. Кездесу кешін университет ректоры, тарих ғылымының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков ашып, алғашқы сөзді Сауытбек Абдрахмановқа берді. – Бұдан он тоғыз жыл бұрын тәуелсіздікке қолымыз жеткен кез­де оның талаптарын оқыр­ман­дарға алғаш жеткізген басылым – “Еге­мен Қазақстан”. Сөйтіп ол жаңа та­рихымыз жүктеген күрделі мін­детті қайыспай, қаймықпай өз мой­нына ала білді. Әрі “Егемен” осы киелі міндет пен парызды бү­гінгі күнге дейін абыроймен ат­қа­рып келеді, – деп бастады ол өз сөзін. Қазір не көп, шығып жатқан әр­түрлі газет-журналдар көп. Бел­гілі бір бағыт пен  тақы­ры­п­тар­ды ғана жа­за­тын салалық басылымдар да жет­кі­лікті. “Егемен Қазақ­стан­ның” олар­дан артықшылығы әмбебап­тық си­па­тында. Одан оқыр­­мандар сан алуан та­қырып­тар­дағы мате­риал­дар­ды тау­ып оқи алады. Адамның зер­десін ұш­тап, ой-өрісін өсіруде бас­па­сөздің орны бөлек. Бұл тұрғыда ин­тернет пен оның сайттары газеттің рөлін айыр­бастай алмайды, – деп ой түй­ген С.Абдрахманов келесі кезекте кез­десуге келгендерді ой-пікір алмасып отыруға шақырды. Бас басылым жө­нін­дегі алғашқы тілекті оралдық про­фес­сор, фи­лософия ғылымдары­ның док­торы, газеттің тұрақты автор­ла­ры­ның бірі Тілекжан Рысқалиев жеткізді. – “Егеменде” ресми мате­риал­дар өте көп жазылады деп жүр­ген­дер бар. Мен бұл тым біржақты ай­тылған пікір деп есептеймін. Мұн­сыз біз еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігін, қол жеткен табыстарды, алда тұрған міндеттер мен про­бле­маларды біле алмас едік. Егер бас басылым Елба­сы­мыздың саясаты мен Үкіметтің қолға алған істерін оқыр­мандарға ұда­йы жеткізіп отырса, барша халықты сол ерен іс­терді орындауға жұмыл­ды­рып жатса, бұдан артық қандай мерей болмақ. Бұдан әрі С.Абдрахманов залдан қо­йылған оқырмандар сауалдарына жауаптар қайтарды. Олардың бір-екеуін келтірелік. Әлфия Жақсығалиева, Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­си­тетінің 4-курс студенті: – Біздің ре­с­пуб­ли­ка­да жастардың рухани-та­ным­дық су­сы­нын қандыра алатындай газеттер мен журналдар жоқ секілді. Бұған не дейсіз? – Мүлдем жоқ десек, сәл ұш­қа­ры­лау кетерміз. Жоқ емес, бар. Бір­қатар газеттер жап-жақсы ма­те­риал­дар беріп жүр. Бұл ба­сы­лым­дар өз атауына сәйкес жастар проб­ле­ма­ларына көбірек назар аударса, өрісі өсе түсетініне ешқандай кү­мән жоқ. Сон­дай-ақ респуб­ликада “Жұл­дыз­дар от­басы” деген журнал шығып тұрады. Тым жақсы тара­лымы бар. Дегенмен, Әлфия, сіз орынды сұрақ қойып отыр­сыз. Өзіңіз айтқандай, жастарға арналған осындай бір кеңістік бос тұрғандай көріне беретіні де рас. Шын қолға алса оның орнын тол­тыруға болады. Әрі мұндай бағыттағы газет-журнал­дарды министрлікте тіркеу сон­шалықты қиын да емес. Бауыржан Ғұбайдуллин, облыс­тық “Орал өңірі” газетінің бас редак-торы: – Қазақстанда әртүрлі діни ағым­дар пайда бола бастағаны бә­рімізді алаңдатады. Осындай жағ­дайда біз дәстүрлі исламға бет бұру бағытын солғындатып алып жүрген жоқпыз ба? Осы түйткіл жөніндегі көзқара­сы­ңыз­ды білгіміз келеді? – Түптей келгенде, қай діннің де ұстанатын бағыты біреу-ақ. Ол тек жақсылықты уағыздау, ар-ождан таза­лы­ғына үндеу. Жаман­нан жирендіру. Дін­дердің о бастағы осы жал­пы­адам­заттық ізгі мис­сия­сы бұрмаланып кетіп жүрген болса, бұл өзге бір әңгі­менің үлесіне тиеді. Сұрағыңызға орай қайтарар жа­уабым біз ислам діні­нің оны ұс­та­нушылар үшін икемді бол­ғанын қа­лар едік. Жасыратыны жоқ, бізде мә­селенің осы жағы же­тіспей жатқандай көрінеді. Өзге діндермен салыстыра қара­ғанда тарихтағы соңғы дін ретінде исламның артықшылық жақтары өте көп. Алайда көп жағдайларда осы артықшылықты дәлелдеп, тайға таңба басқандай қып ұстартып беру жағы кемшін бе деп қаласың. Өкінішке орай, бізде теология әлі күнге ғылым ретінде құлаш жая алмай келеді. Әрине, дініміздің ерекшелігін ескеруде елеулі істер де жоқ емес. Мысалы, белгілі айтыскер ақын Мұхамбет­жан Тазабеков басқа­ра­тын “Асыл арна” телеарнасы ислам ді­нінің ұстанатын бағытын, оның атқара­тын ізгі мақсатын респуб­ликаның орыс тілді көрермендеріне белгілі бір жү­йемен ұсынып жүргені тек құптауға, қол­дауға лайықты қадам деп ой­лай­мын. Жайсаң Ақбай, тарихшы-өлке­танушы: – Бүгінгі кезде газет атауындағы “Еге­мен” деген анықтауыш қажет пе? – Он тоғызыншы ғасырда өмір сүр­ген арқалы ақын Мұрат Мөң­ке­ұлы­ның: “Егемен болмай ел болмас, етек­тен кесіп жең болмас” деген шу­мақ­тары бар.  Бұл жерде еге, егемен деген сөз орыс тілінде қолда­ны­ла­тын суверенитет деген сөздің ба­ла­масына жақындайды. Сондықтан да біз еге­мен деген ұғым мен атауды саналы түр­де қайталаймыз. Әрі бұл атау бүгінде белгілі бір деңгейде газеттің брендіне айнала алғанын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Газеттің абыройы мен салмағы ең елдымен оның атында емес затында ғой деп ойлаймыз. Оның үстіне Ресейде шы­ғатын “Комсо­моль­ская правда”, “Со­ветс­кий спорт” деген газет атаулары әлі күнге дейін сақ-та­лып келеді емес пе? Не үшін? Сол атау­лардан айы­рылса оқыр­ман­дар­дың көп бөлігін жо­ғалтып алатынын оның басы-қа­сында отырғандар білмейді емес, жақсы біледі. Бренд дегеніміздің де бір мысалы осы. Кездесуді М.Өтемісов атын­дағы Батыс Қа­зақ­стан мемлекеттік универ­ситетінің рек­торы Тұяқбай Рысбеков қоры­тын­дылап, ұжым мүшелерімен кездесуге уақыт тауып мәнді де мағыналы, тәлімді де тәрбиелі әңгімелер айтып бергені үшін газет басшысы Сауытбек Абдрахмановқа рахмет айтты. Темір ҚҰСАЙЫН. Орал. ______________________ Суретті түсірген  Рафхат ХАЛЕЛОВ. * * * АЛҒА БАСУШЫЛЫҚ АРНАЛАРЫ КЕҢЕЙЕ ТҮСТІ Ақтөбе облысына Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың келіп, бір­талай жаңа нысандардың тұсауын кесіп, өңірден бастау алған “Ауыл­дың гүлденуі – Қазақстанның гүл­денуі” марафон-фестивалін қо­ры­тындылау салтанатына қатысып, марафонда белсенді еңбек еткен жастарға 64 автомобильдің кілтін, 100 ноутбукті және Астана қала­сында қыдырып қайтуға 2000 жол­дама тапсырған қуанышты сәтінің қызуы басыла қоймаған-ды. Осы кезде “сабақты ине сәтімен” деген­дей, Ақтөбеге жұмыс сапа­ры­мен келген “Егемен Қазақстан” респуб­ли­калық газеті” акционерлік қоға­мы­ның президенті Сауытбек Абдрах­мановты облыс әкімі Елеусін Сағындықов жылы шырайда қабыл­дап, кең отырып әңгімелесті. Шынында да, облыс басшы­сы­ның көтеріңкі көңіл -күйін түсінуге болады. Елбасы сол сапарында халық ал­дында сөйлеген сөздерінде өңірдің индустриялық-иннова­циялық жоба­ларды жүзеге асыруда облыстардың арасында көшба­с-таушылар қатарында екенін айтуы, ал жыл санап көркейіп, сәулеттеніп келе жатқан Ақтөбені еліміздегі үздік қалалардың бірі деп бағалауы жай айтыла салмағаны белгілі. Бұл бағаның астарында өңірді алға бастыруға бағытталған қыруар шаруалар жатыр, соңғы жылдардағы эко­номикалық даму қарқыны осын­дай тұжырым жасауға берік негіз қалайды. – Біз индустриялық-иннова­ция­лық жобаларды жүзеге асыруға бұдан бес-алты жыл бұрын негіз қаладық. Оған алдын-ала жоба-жоспар­ларымыз болғандықтан тиянақты дайын­дық­пен кірістік. Үдемелі индус­триялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде жалпы құны 1,0 млрд. теңге болатын 84 жоба жүзеге асырылуда. Биыл 143,9 млрд. теңге құрайтын 43 жоба іске қосы­лады. Осы кезге дейін 18 жаңа нысан пай­далануға берілді. Елбасына “Ақ­тө­берентген” АҚ шы­ғарып жатқан ком­пьютерлік томограф ұнады. Мұн­дай томограф бірегей қондырғы, әрі арзан. Сондай-ақ, металлургиялық за­уыт­тың да болашағы зор, – деді Елеу­­сін Наурыз­байұлы өңірдегі ілге­рілеу іздері қайдан бастау ала­ты­нын сез­діре отырып. Облыс басшысы Са­уытбек Абдрахмановпен әңгімеде би­ылғы қуаңшылықтың зардабын жоюға байланысты шар­уа­ларды да ай­налып өтпеді. Азық-түліктік астық қорын жасауға жеткі­лікті тұқыммен, жем­мен қамтамасыз етуге Үкімет қолдау көр­сеткен. Соның нәти­же­сінде облысқа тоннасы 26,5 мың теңге тұратын 130 мың тонна астық бөлінген. Мал азығымен қамтамасыз ету тап­сырмасы 115 пайыз орын­далған. Елеусін Сағындықов облыста әлеу­меттік мәселелердің оңды ше­шіліп отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда 290 мыңға жуық адам әлеу­мет­тік жеңілдіктерді пайдаланады. Олар­дың ішінде, Ұлы Отан соғысына қа­тысушылар мен оларға теңес­ті­ріл­ген­дер коммуналдық төлемдерден толық босатылған болса, Чернобыль апатын ауыздықтауға және Ауған соғысына қатысушыларға да коммуналдық жеңілдіктер берілген. Биылдың өзінде он сегіз мың жаңа жұмыс орны ашыл­ған, жұмыссыздық деңгейі 0,3 процент құрайды. Өңірде халықтың тұрмыс жағдайы жақсара түскен. Үстіміздегі жылдың шілде айында орташа жалақы 64 мың теңге болса, тамызда 70 мың теңге құрады. Елеусін Наурыз­бай­ұлы, облыста газ, электр бағасы басқа өңірлерге қарағанда анағұрлым төмен екен­дігіне нақты мысалдар келтірді. Әңгіме барысында Сауытбек Абд­рахманов Ресейге шығарылатын сапалы етті дайындау жайын сұрады. Облыс басшысы бұл бағытта “Тан­дем” ЖШС өндіретін ет өнімдерінің отыздан астам түрімен ішкі рынокты қамтамасыз етіп қана қоймай, көр­шілес облыстарға да шыға­ра­тынын жеткізді. Елеусін Наурыз­бай­ұлы, астаналық қонақты үстіміздегі жылғы сегіз айда об-лыстан респуб­ли­ка­лық бюджетке 280 млрд. теңге түс­ке­нінен, оның 40 млрд. теңгесі об­лыста қалды­рыл­ғанынан хабардар етті. Сауытбек Абдрахманов Әбіл­қа­йыр ханның мәйітін анықтауға қа­тыс­ты жұ­мыстарға да қызығу­шы­лық та­нытты. Облыс басшысының ай­ту­ынша, Әбілқайыр ханға байланысты біраз шаруа жүргізілген, ендігі мәселе ханның қазып алынған мүрдесін ДНК бойынша анықтауға тіреліп тұр. Ал Тілеу Айтұлына ескерткіш орнату, көше атын беру алдағы уақытта ойластырылатын болды. Әңгіме арнасы баспасөзге жазылуға ауғанда “Егемен Қазақстан” газетінің облыс­тағы таралымын 9500 данаға жет­кізудің мүмкіндігі бар екендігіне тоқтам жасалды. Содан кейін еліміздің бас басы­лы­мының басшысы облыс әкімі Елеусін Сағындықовпен бірге Кеңес Одағының Батыры Әлия Мол­да­ғұлова даңғылы бойындағы Батыр­лар аллея­сының ашылу салтанатына қатысып, ақтөбелік батырлар ескерт­­кіштеріне гүл шоқтарын қойды. Аллея құрылысын жүр­гіз­ген “Гранит” ЖШС 87,4 млн. теңгенің жұмысын атқарыпты. Кеңес Одағының Батыр­ла­ры аллеясының ашылу сал­та­на­тын­да сөз сөйлеген облыс әкімі Елеусін Сағындықов ерлікті қастерлеудің, оны жас ұрпақтың жадында жаң­ғыр­тудың үлкен парыз екеніне тоқталды. Астаналық қонақ “Нұр Ғасыр” мешіті мен Қазақстан Респуб­ликасының тұңғыш Президенті атындағы саябақ арасында орна­ласқан алғашқы жер асты өткел жолының салтанатты ашылу рәсіміне де қатысты. “Егемен Қазақстан” РГ” АҚ прези­денті Сауытбек Абдрахманов жұмыс сапарының екінші бөлігінде “Нұр Отан” ХДП облыстық филиа­лында партия белсенділерімен, облыстық және қалалық мәслихат де­путаттарымен кездесті. Кездесуде “Нұр Отан” ХДП партиялық бақылау комитетінің мүшесі ретінде де сөз алған Сауытбек Абдрахманов “Нұр Отанның” елдегі саяси тұрақ­ты­лық­ты, ұлтаралық татулықты, конфе­с­сия­ара­лық келісімді қалып­тастырудағы, экономикалық дамуға ықпал ету тетіктерін пайдаланудағы мүмкін­дік­тері жайлы кеңінен әңгімеледі, кездесуге қатысушы­лардың газетке, басқа да мәсе­лелерге байланысты бір­қатар сұрақтарына жауап берді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.