23 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.
Кеңес отырысында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының және Конституциялық Кеңестің еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауларының іске асырылу мәселелері қарастырылды.
Сонымен бірге Кеңес отырысында “Медиация туралы” заң жобасының және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы концепциясының концептуалды мәселелері талқыланды.
Аталған мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпараттары тыңдалды.
Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының ұсыныстары Қазақстан Республикасының заңнамасын әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі.