• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2010

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

482 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 34-бабы 2-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін: 1) “Банктің құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу”; 2) “Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу”; 3) “Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерін келісу”; 4) “Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу”; 5) “Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерін келісу”; 6) “Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру”; 7) “Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалай жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу”; 8) “Банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру”; 9) “Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім беру”; 10) “Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру”; 11) “Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу”; 12) “Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу”; 13) “Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу”; 14) “Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру”; 15) “Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру”; 16) “Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру”; 17) “Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау”; 18) “Кредиттік бюроның пайдалануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру”; 19) “Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру”; 20) “Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру”; 21) “Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру”. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы қыркүйектің 21-і. №1063

“Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және

қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы

21 қыркүйектегі №1063 Жарлығына

ТҮСІНІКТЕМЕ

2010 жылғы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы қол қойған “Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттінің мемлекеттік қызметтер стандартта­рын бекіту туралы” №1063 Жар­лық­пен Қазақстан Республикасы Қар­жы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) көр­сететін мемлекеттік қызмет­тер­дің мынадай түрлері бойынша стандарттар бекітілді: 1) “Банктің құрылтай құжат­та­ры­на енгізі­-летін өзгерістер мен толықтыруларды келісу”; 2) “Сақтандыру (қайта сақтан­ды­ру) ұйымының құрылтай құжат­та­рына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу”; 3) “Жинақтаушы зейнетақы қо­ры­ның зейнетақы ережелерін келісу”; 4) “Орталық депозитарийдің ережелер жинағын келісу”; 5) “Сауда-саттықты ұйымдас­тыру­шының ережелерін келісу”; 6) “Қаржы ұйымының басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру”; 7) “Мүлікті (зияткерлік меншік объектіле­рін, материалдық емес ак­тивтердің құнын қоспағанда) баға­лау жөніндегі қызметті жүзеге асы­руға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу”; 8) “Банктің ірі қатысушысы не­месе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру”; 9) “Сақтандыру (қайта сақтан­ды­ру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру”; 10) “Ашық жинақтаушы зей­нетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру”; 11) “Жарияланған акциялар шы­ғарылымын мемлекеттік тір­кеу”; 12) “Мемлекеттік емес обли­га­циялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу”; 13) “Инвестициялық пай қоры пайларының шығарылымын мем­лекеттік тіркеу”; 14) “Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі немесе Қазақстан Рес­публикасының Ұлттық Банкі құр­ған банкке немесе банк операция­ларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қаржы агенттігі мәртебесін беру”; 15) “Акцияларды орналастыру қорытынды­ла­ры туралы есепті бе­кіту туралы хабарлама беру”; 16) “Облигацияларды орналас­тыру қорытын­дылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру”; 17) “Актуарийлерден біліктілік емтиханын қабылдау”; 18) “Кредиттік бюроның пайда­лануына кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін енгізу актісін беру”; 19) “Заңды тұлғаға өзін-өзі рет­тейтін ұйым мәртебесін беру”; 20) “Инвестициялық пай қоры­ның пайларын орналастыру қоры­тындылары туралы есепті бекіту туралы хабарлама беру”; 21) “Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтай құжатта­ры­на өзгерістер мен толық­тыруларды мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру”. Аталған Жарлық “Әкімшілік рә­сімдер туралы” 2000 жылғы 27 қа­рашадағы Қазақстан Республика­сы Заңының 9-1-бабын, “Қазақ­стан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі ша­ралар туралы” Қазақстан Респуб­ликасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №292-ө Өкімінің 52-тармағын іске асыру мақсатында қабылданды. Стандарттарды қабылдау жеке және заңды тұлғалардың Агенттік көрсететін мемлекеттік қызмет­тердің сапасына қанағатын арт­ты­руға ықпал ететін болады. Қазіргі уақытта рұқсат беру рә­сімдері Қазақ­стан Республика­сы­ның заңнамалық актілерімен, атап айтқанда, “Қазақстан Республика­сын­дағы банктер және банк қыз­меті туралы” 1995 жылғы 31 тамыз­дағы, “Қазақстан Республикасын­дағы зей­нетақымен қамсыздандыру туралы” 1997 жылғы 20 маусым­дағы, “Сақтандыру қызметі тура­лы” 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, “Бағалы қағаздар рыногы туралы” 2003 жылғы 2 шілдедегі, “Лицен­зиялау туралы” 2007 жылғы 11 қаң­тардағы Қазақстан Республика­сы­ның заңдарымен регламенттелген. Стандарттардың толық мәтіні Агенттіктің интернет-ресурсының: www.afn.kz “Заңнама” бөлімінде орналастырылатын болады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік- экономикалық мониторинг бөлімі.