Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат бюросының отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді.
Бюрода 30 қыркүйекте болатын палатаның кезекті жалпы отырысының күн тәртібін белгілеу туралы комитеттердің ұсыныстары да қаралды. Палата отырысында бірқатар заң жобаларымен бірге, “2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы да қаралатын болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.