Ақтөбе қаласында қоғамдық тамақтандыру саласының қызметін жақсарту бағытында біраз жұмыстар жасалуда. Облыс орталығындағы мейрамханалар мен қонақ үйлер өз қызметтерін әлемдік стандарттарға сай жүргізуге талпынуда. Соның бір мысалы жыл сайын мейрамханалар арасында өткізілетін тәтті тағамдар фестивалі деу орынды. Фестивальға қатысқан 12 мейрамхана өкілдері шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты. Онда Мәскеуден, Түркиядан және Алматыдан келген арнайы жаттықтырушы мамандар даяшылар мен аспаздарға дәріс берді. Сондай-ақ, фестивальдің аясында тәтті тағамдар көрмесі ұйымдастырылды. Фестиваль соңында “Үздік даяшы”, “Үздік кулинар” және “Үздік тәтті тағам пісіруші” номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.