• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2010

Алғысымызды арнаймыз

524 рет
көрсетілді

Редакцияға хат Жасампаз еліміздің ор­дасы – Астана күн өткен са­йын құлпырып, өзінің ер­ек­ше архитектуралық тал­­ға­мымен ғана емес, түрлі қызмет көрсету са­па­сымен де адамдардың жүрегінен тез орын ала білді. Тәуел­сіздіктің ақ таңының арқа­сында қазақ халқының маңдайына жазылған, кең пейіліне бұйырған Астана­ның қызығын, Аллаға шүкір, қазір бәріміз көріп жатыр­мыз. Елордада түрлі әсем құрылыстардың бой көте­руі, халықтың игілігіне ар­налып салынған нысан­дар­дың ха­лыққа жақсы қыз­мет жасап жатқандары біз­дің ел пер­зенті ретінде се­зінетін ең үлкен бақыты­мыздың бірі. Соның бірі әрі бірегейі Мемлекеттік жедел жәрдем орталығы дер едік. Осы биыл 1 шілдеден бастап өз жұмыстарын бастап кеткен бұл мекемедегі ақ халатты абзал жандардың жанарла­ры­нан ерекше мейірім шуағы тө­гіліп тұратындай. Тәулік бойы сақадай сай отыратын меди­цина саласының түрлі маман­дары күніне 100-ге тарта нау­қас­тарды қабылдайды. Ал олар­дың 90 пайызы 60 пен 90 жас аралығындағы қарт адамдар. Жақында ғана осы жедел жәр­дем орталығының “А” блогын­дағы көз емдеу бөліміне түсіп едік. Жауапкершілігі жоғары кәсіби мамандарды көргенде тез арада сауығып кетуге деген үмітіміз күшейе түсті. Әлмира Әбдүлхаққызының басқаруындағы бөлімінің барлық қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберліктерімен, науқасқа де­ген ерекше жауапкершілік­те­рімен бізді тәнтті етті. Мұн­дағы 25 жылдық еңбек тәжіри­бесі бар, өте білікті әрі білімді дәрігерлер ғана емес, мейірімді, мықты, жігерлі Айжан Қалиева, Сне­жана Пучко, Ақмарал Аге­ле­­у­ова сынды жастарды да көр­­­г­енде кәдімгідей қуанып қалдық. Көз тамырларына операция жасау өте қиын, күрделі екенін жақсы білеміз. Дегенмен де, мұнда күніне 8-10 адамға опе­ра­ция жасалынады. Осының өзі дәрігерлер біліктілігінің көрінісі деп ойлаймыз. Әуелі көру қа­білеті нашарлап қос жанарынан айырылған 86 жастағы В.Мұс­та­фина есімді апамызға опера­ция жасалып, түбегейлі ем жүргізілгеннің арқасында қазір ол кісі қайта көретін болды. “Елге ел қосылға құт”, де­ген сөз осындайда айтылған бо­лар. Астанамызға келген жаңа ұжымға ел құрметіне бөленіп, абыройлы болыңыздар деп тіле­гіміз келеді. Біз, Қазақ­станның төрт бұрышынан келген зағип жандармыз. Әлі сіздерден үміт күтетін сырқат­тар қаншама. Сондықтан осы алған бет­тері­ңізден тай­маңыздар. Еліміз, хал­­қы­мызға ақ, адал еңбек­те­ріңізді арнаңыздар. Сіздерге біздің алғысымыз шексіз, денсаулықтарыңыз мықты болып, отбасы ба­­қытын көріңіздер. Жаны жаралы зағип жан­­­дарға қол ұшын беріп, еңбек етіп жатқан бұл ұжымның әлі-ақ ел құр­ме­тіне бөленетіні сөзсіз. Алла тағала осындай ден­саулық мамандарының елі­мізде кө­бей­генін нәсіп етсін! Емделушілердің атынан:  С.Оразалин, А.Бектемірова, Қ.ӘбдӘлиева,  Р. Сайфуллина, т.б. Астана.