• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2010

Александр ПИКЕР: “Атф банкіне қатысты unіcredіt стратегиясы сақталмақ”

606 рет
көрсетілді

“Маған кез келген банкир үшін ең басты нәрсе болып табылатын дағдарысты еңсеруге қолым жетті. Ең маңызды қорытынды, сондай-ақ осы кезеңнің басты жетістігі – АТФ банкінің тұрақтылығы мен орнықты­лығын дәлелдейтін дағдарыстан кейінгі кезең үшін жоғары көрсеткіші. Мұндай қорытын­дыға менің банкте жүргізген жұмыстарым да белгілі бір деңгейде өз көмегін тигізді деп айта аламын”, дейді қазақстандық АТФ банкінің басқарма төра­­ға­сы Александр Пикер өзінің 3 жылдық қызметін қорытын­­дылай. А. Пикер мырзаның біздің газетімізге берген сұхбатында 21 қазан күні директорлар кеңесінде өз мін­детін тапсырып, өз Отанына, Австрияға жиналатындығын жеткізді. Онда оны Unі­Cre­dіt тобына жататын банктердің орталы­ғын­да жаңа қызметі күтуде. “17 жыл бойы шет елде жұмыс істеген соң, өз елімде де қызмет еткім келеді”, дейді банкир. Ал Қазақстандағы қызметін өз жұмыс баспалдағындағы маңызды және қызықты кезеңі деп есептейді. Сондай-ақ UnіCredіt менеджменті де Қазақстанға құйған ұзақ мерзімдік инвестицияларын оң көзқараста бағалайды және банк келешегі жақсы нәтижелер бермек деп болжайды. – Пикер мырза, UnіCredіt-тің 2010 жылдың алғашқы жартыжыл­дығына арналған жинақ есебі жа­рия­ланды. Ол бойынша топтың таза кірісі 669 млн.еуроны құраған­дығы белгілі болып отыр. Сондай-ақ есепте UnіCredіt тобына қарасты Қазақстандағы филиал бойынша 162 млн.долларға тең материалды емес активтің құнсыздануы да көрсе­ті­леді. Еліміздегі еншілес банк шығын­сыз деңгейге шыға алмай отыр ма? – Есепте көрсетілген шығын банктің өз құнын түзеп, нақтылауы. Басқаша айтсақ, техникалық шы­ғын­дарға жатады. Естеріңізде болса біз АТФ банкін дағдарысқа дейінгі кезеңде сатып алған болатынбыз. Сәйкесінше ол кезде баға да таза капиталдан жоғары деңгейде болды. Біздің есептеуімізше 5 есеге жоғары. Банк 2,2 млрд. долларға бағаланды. Активтердің аудиторлық бағасы жыл сайын жүргізіледі, оның шынайы құны анықталып, баланста көрсетіледі. Яғни, банктің шынайы жағдайына бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Дағдарыстан кей­інгі жүргізілген аудит қорытынды­сына сүйенсек шығын 200 млн. долларға жуық қаржыны құраған, ал бұл сатып алу бағасын ескерсек мүлдем сәйкес емес. Мен барлығы керемет дей алмаймын, дегенмен бұл апат та емес. Мұны UnіCredіt те көріп-біліп, түсініп отыр. Бұл көр­сеткіш құбылмалы, ол үнемі өз­геруі мүмкін, өсуі немесе төмендеуі әбден мүмкін. Ал мына көрсеткіш банктің үлкен тексеріс жүргізуіне байланысты күткен нәтижемізді берді. Қазір олар барлық портфель­дің 15,5 пайыз шеңберінде және ұдайы өсу үстінде. Біз оның шегіне келесі жылдың аяғына қарай қол жеткіземіз деген ойдамыз. Жағдайдың шынайы бейнесі осындай. Австрия банкінің талап­тарына сәйкес ол UnіCredіt есебін­де обьективті түрде көрінуі тиіс. Бұл бізге берілген әділ баға, дәл қазіргі кезең үшін жақсы баға деуге болады. UnіCredіt ұзақ мерзімдік келешекке жүгінеді. Қазақстанда эко­номиканың өсуі жағдайында бұл өте қолайлы. Шығынның жар­тысын немесе ширегін құрамай шағын үлесті құрағаны да жағымды болып отыр. Егер топта Қазақ­станда мүм­кін­дік жоқ деп есептесе барлығын шы­ғынға жіберуі мүмкін еді. Ол соң­ғы 5 жылдық жоспа­ры­мызда жақ­сы өсу деңгейі байқалып отыр­ған­дығынан орын алмай отыр. Бұл өте маңызды. Ағымдағы жыл бой­ынша банктің кіріс бойынша +-ке шық­паса да бұл алдыңғы жыл енші­сінде деп күтілуде. Бірақ топ­тың банк­ке құйған ұзақ мерзімдік инвес­тициясы жақсы деп бағала­нуда. Банкке аудиторлар да сенім білдіруде. – АТФ банкі өсу жоспары бар әрі Қазақстан рыногының 10 % үлесін алып отырған ірі банктерінің бірі болып табылады. Қайта құ­рылымнан өткен екі банктің бел­сенді бизнеске оралуына байланысты бәсекелестік күшеюде. Осыған орай банк не нәрсеге маңыз аудармақ? – Иә, банктер қайтып оралды. Бірақ мен олардың сыртқы мәсе­лелермен айналыса отырып, “ішкі үй жұмысын” жақсы орындап шықты дегенге күмәнім бар. Біз ішкі мәселелерді реттеу бойынша 3 жыл бойы жұмыстандық, сол себепті біз Қазақстанда жүріп жатқан экономикалық өсімге жақ­сы дайындалғанбыз деп нық се­німмен айта аламын. Қазіргі таңда АТФ банкі жергілікті және ха­лықаралық қаржы инсти­тутта­ры­ның артықшылықтарын біріктірген банк болып табылады. Жуырда ға­на АТФ банкінің директорлар ке­ңесіне кіретін, UnіCredіt басқарма төрағасының орынбасары Феде­ри­ко Гиззони Алматыға келіп кетті. Гиззони мырза UnіCredіt-тің ен­шілес құрылымдарына байланысты ұстанатын стратегиясы бұрынғы­сын­ша сақталады. Оның қатарында АТФ банкі де бар. Топтың қазіргі төрағасы Алессандро Профумоның кеткенімен ештеңе өзгермейтін бо­лады. Оған қоса АТФ банк Unі­Credіt тобынан 2025 жылға дейін жұ­мыс істейтін 2 млрд.доллар көле­мін­де үлкен кепілдік алған бола­тын. Яғни, егер топ банктен бас тартар болса жаба алмайтын үлкен кепілдік бермес еді. Біздің бәсекеге төтеп бере алар тікелей артықшы­лықтарымызға 22 елді қамтитын үлкен филиалды жүйені, жоғары қызмет ету сапасын, банк сенімді­лігін жатқызар едім. Ал бұл клиент­терімізге топ құрамындағы өзге банк­­­терден комиссиясыз қызмет ала алатындығын білдіреді. Оған қоса, АТФ банкі қазақстандық банк­тер арасында ең жоғарғы рей­тинг­ке ие. Fіtch Ratіngs ВВВ дең­гейінде ұлттық валютасында ұзақ мерзімді ЭДР иеленді, сондай-ақ болашағын жағымсыздан тұрақтыға өзгертті. Moody’s те рейтингі бой­ынша болжамын жағымсыздан қалыптыға, тұрақтылыққа өзгертті. Қаржылық тұрақтылық рейтингі В3 деңгейіне сәйкес. Сондай-ақ, қар­жы рыногын және қаржы ұйым­дарын зерттеу мен қадағалау агент­тігінің аудитінен табысты өттік және реттеушінің қанағаттан­ды­рыл­­ған бағасын алдық. Реттеушінің қанағаттандырылған аудитін иелену де жағымды әсер береді. – Клиенттерді қаржылық инс­титуттың тұрақтылығы жөнін­дегі сұрақтар мазалайтыны түсі­нікті. Дегенмен, олар үшін банктің өз клиенттеріне қандай өнім жүйе­сін ұсынатындығы, банк тарифтері мен ставкалары да қызықтырады... – Біз әу баста тез өсуді жоспар­ладық. Бірақ өсім – 15 %-дан жо­ғары өсімді депозит көлемі көр­сет­кіші арқылы ғана көрсетті. Бұл ставкаларымыздың рыноктағыға қарағанда, әлдеқайда төмен екен­ді­­­гіне қарамастан, орын алып отыр­­ға­нына назар аударғым келеді. Біз не­сиелік портфель бойынша ана­лог­тық көрсеткіштерге қол жеткізе алмадық, бірақ жылдың екінші жартысына сенім артып отырмыз. Екінші жартыжылдықтың көрсет­кіш­­тері жақсы болатындығының айқын белгілері бар. Клиенттеріміз көбею үстінде. Банк шағын және орта бизнес өкілдері мен ұжымдық секторға несие береді. Ол жалпы порт­фельдің 70 %-ға жуығын құ­рай­ды. Ставканың барынша төмен болу факторы несие портфелінің өсуіне қызмет етіп отыр. Бұл дем­пинг емес. Оның мәнісі біздің қо­рымызды негізгі банк тобы жақсы қолдайды және депозиттердің тө­мен ставкада болу нәтижесімен түсіндіріледі. Бүгінгі күні біз Ресей және Түркия сияқты елдермен сау­далық қаржыландыруды дамыту үс­тіндеміз. Клиенттерімізге несие жә­не депозиттен өзге түрлі әріптестік бағдарламаларды, сондай-ақ олар­дың құралдарын, істерін қаржы­лан­дыру мүмкіндігін беретін пакеттік қызмет көрсету ұсынылады. Де­ген­мен, адамдар бұл қызмет түріне үй­рене қойған жоқ. Қызмет көрсе­­ту­дің жоғарғы сапасымен қоса, банк өз клиенттерін түрлі операциялар мен аударулардың жоғары жылдам­ды­ғы­мен қамтамасыз етеді. – UnіCredіt тобының сарапшы­лары рыноктағы даму жағдайына ұдайы байлам жасап отырады. Қа­зақстан рыногы бойынша жылдың соңғы тоқсанына қандай болжам жасалуда? – Соңғы тоқсанға 5 % дең­гей­інде жақсы өсім болжанып отыр. Біздің алдыңғы жобалауымыз сәл тө­мендеу, атап айтсақ 3,5 % бола­­тын. Енді өсім жоғары болады де­ген сенімділік бар. Оның себептері де түсінікті. Қазақстанда мұнай мен газ рыногы, металл, жеңіл өнер­кәсіп салаларының көтерілуі тіке­лей себеп. Тұтас экономиканың бел­се­не түсуде. Экономиканың да­му жо­лына түсуі бұл Үкіметтің дағдарыс­­­қа қарсы бағытталған шарала­ры­ның тікелей әсері деуге толық негіз бар. Оның ішінде ерекше тоқта­ла­тыным, АТФ банкі қатысушы болып табылатын “Даму” жобасы. – Отаныңызға Қазақстаннан қандай әсермен қайтып барасыз? – Ең жақсы әсерлермен қай­тып барамын деуге болады. Сіздің ел дағдарысты алғашқылардың бірі болып сезінді. Сондай-ақ ең бі­рін­ші болып еңсереді. Бұл туралы елді сипаттайтын барлық индикаторлар, дағдарысқа қарсы тез арада біріге, ұйымдаса, бейімделе алған басшы­лығы, менеджменті, қоғамы көр­сетіп отыр. – Сіздің тілегіңіз.. Бастаған жолды жалғастыру қажет, ал дағдарысты тағдырдың үл­кен сыйы деп қарау дамудың ары қарайғы стратегиясына маңызды тү­сінік болары сөзсіз. Мұнда дағ­да­рыс апат секілді болған жоқ. Көп­­­теген жақсы сәттер мен оған мем­лекеттің сәтті реакциясы бол­ды. Бірақ дәл қазір “дағдарыс өтті, 2006 жылдағы сияқты жұмыс жа­сау­ды жалғасты­рамыз” деп жайдан жай айта салуға болмайды. Соңғы 3 қиын жылды арнайы курс, лек­ция секілді қабыл­дап, одан дұрыс шешімдер шығара білу керек. Мұн­­дай тәсілді қолдану барысында мен сіздің елді тек жақ­сы болашақпен көремін!