• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Қазан, 2010

Салалар дамуының жаңа межелері

721 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында көп мәселе қаралды. Бұл жолғы Үкімет отырысы да онлайн режімінде өтті. Бірініші кезекте қаралған мәселе  құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты болды. Елбасының аталған мәселеге қатысты тамыз айындағы Жар­лы­ғына сәйкес жүйедегі құры­лым­дық өзгерістерді, рефор­ма­лық шараларды жүзеге асыру, құқық қорғау органдары қыз­ме­ті­нің тиімділігін арттыру үшін бұрынғы бірқатар заңдарға то­лықтырулар мен өзгерістер ен­гізу қажеттігі пайда болған бола­тын. Осыған орай Үкімет оты­рыс­ында құқық қорғау қызме­ті­не қатысты заң жобаларының тұтас топ­тамасы қаралып, ма­құл­данды. Аталған мәселеге байла­ныс­ты қорытынды сөзінде Пре­мьер-Министр Кәрім Мәсімов бұл құжаттарда Елбасы тарапынан бе­рілген барлық тапсырмалардың ескерілгендігін атап өтті. Мұнан кейін Үкімет отырысы экономикалық блоктың мәселе­ле­рін қарауға кірісті. Тау кен-ме­тал­лургия, электр энергетикасы,  агро­өнеркәсіптік кешен, мұнай-газ, туризм салаларын дамытудың 2010-2014 жылдарғы кезеңді қам­ти­тын салалық бағдарламалары қа­ралды. Жобалары Үкімет оты­рыстарында бұрын да бірнеше рет талқылауға түскен аталған бағ­дар­ламалардың барлығы осы жолы қабылданды. Агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­тудың жаңа кезеңдік бағдар­ла­масы туралы баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, 8 бағыттан тұратын бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде еліміз­де­гі  астық өндірісінің орташа жыл­дық көлемі 17,8 млн. тонна деңгейінде қалыптасып, оның экспорттық әлеуеті қазіргі 6,7 млн. тоннадан 8,6 млн.тоннаға ұлғаяды, ал астық экспортындағы өңделген өнім үлесі 32 пайыздан 50 пайызға дейін өседі. Мал шаруашылы­ғын­да асыл тұқымды малдардың орта­ша үлесін қазіргі 6 пайыздан 14 пайызға дейін көтеру көзделініп отыр. Ауыл шаруашылығындағы суб­сидиялардың орташа деңгейі 20 пайыздан 25 пайызға дейін көбейе түспек. Сондай-ақ осы отырыста “Са­мұ­рық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының “Қазақмыстың” жалпы акцияларының 11 пайызын сатып алғандығы мәлім болды. Сөйтіп, мемлекеттің “Қазақмыс” актив­теріндегі үлесі, бұрынғы қолда барымен қосқанда 26 пайызға жетіп отыр. Мұның өзі Үкіметтің қажет бола қалған жағдайда атал­ған компания шешімдеріне тос­қауыл қою мүмкіндігіне қол жеткізгендігін білдіреді. Кәрім Мәсімов салалық жаңа бағдарламалар қабылдау үдерісін қазан айында аяқтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, келесі ап­тада еліміздің 2010 жылғы әлеу­меттік-экономикалық дамуының тоғыз айлық қорытындысы қара­латындығын мәлімдеді. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.