Құрметті журналистер!
Байланыс және ақпарат министрлігі “Электронды үкімет бастамалары” атты V Халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасының электронды үкімет жұмысын насихаттаушы-журналистер арасында байқау жариялайды.
ҚР электронды үкіметі бүгінгі таңда еліміздің кез келген азаматына қол жетімді деңгейде. 5 жылдық жұмыстың қорытындысы бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің кез келген түрін интернет арқылы алуға болады. “е-gov” жобасын дамыту үшін қазақстандықтар ақпараттық жаңашылдықты белсенді түрде пайдалануы керек. Бұл технологиялар мен ақпараттың тоғысқан жері. Халыққа ақпаратты жеткізу – журналистердің міндеті.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының электронды үкіметінің қалыптасуы туралы дайындалған ең үздік ақпараттық-танымдық материал авторларын марапаттау.
Байқау талаптары:
- “Электронды үкімет” бағдарламасының негізгі жобалары туралы жарияланған мақалалар
- Тақырыптың өзектілігі мен оқырмандар үшін маңыздылығы
- Тақырыпқа тың (креативті) көзқарас.
- Материалда халықаралық тәжірибелер мен статистикалық дәйектемелердің болуы.
- Мақалада келтірілген деректердің дәлдігі.
- Ақпараттардың әр түрлі дерек көздерден алынуы. (халықаралық сарапшылар, электронды үкіметті пайдаланушылар, мемлекеттік қызметкерлер, т.б.)
- “Электронды үкімет” жұмысын насихаттау барысында нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелер жасау.
- Байқауға ұсынылған материалдың қашан, қай басылымда жарық көргені немесе қай арнадан берілгені туралы міндетті түрде сілтеме беру.
Номинациялар: “Үздік телевизиялық материал”, “Үздік баспа материалы”, “Үздік интернет материалы”.
Бәйге: Әр номинация жеңімпазына - Іpad
Әділқазылар алқасы:
- Асқар Жұмағалиев, Байланыс және ақпарат министрі.
- Нұрлан Измайлов, “Зерде” АҚ басқарма төрағасы.
- Сауытбек Абдрахманов, “Егемен Қазақстан” АҚ президенті.
- Ләззат Танысбай, “Қазақстан” РТРК” басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
- Александр Трухачев, “КТК” телеарнасының тілшісі.
- Светлана Антончева, “Казахстанская правда” газетінің тілшісі.
- (2008, 2009 жж. “Үздік баспа материалдары” номинациясының жеңімпазы),
Қабылдану уақыты: 2010 жылдың 10 қарашасына дейін.
Барлық жұмыстар mcі.gov@gmaіl.com электронды мекен-жайына “ҚР электронды үкіметінің жұмысы туралы дайындалған үздік материалдар конкурсына” деген атаумен қабылданады.
Жіберілген материалдар туралы ҚР БАМ баспасөз қызметіне, тел.: 74-10-04 хабарлауыңызды өтінемін.