• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2010

Бас прокуратура хабарлайды

432 рет
көрсетілді

Айып тағылды_______________________________________ Бас Прокурордың қаулысымен құрылған тергеу тобы қазан айында Маңғыстау облысындағы Қылмыс­тық-атқару жүйесі комитетінің де­пар­таменті мекемесінен сотталған­дар­дың топтасып қарулы түрде қашу фактісі бойынша қозғалған істі тергеуді аяқтады. Қатаң режімдегі колонияда жазаларын өтеп жүрген 21 сотталу­шы­дан құралған топ ағымдағы жыл­дың 22 маусымында алдын ала сөз байласып, әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төн­діретін қаруларды қолдана отырып, колониядан қашқан болатын. Тергеу тобы мекеме бастығы М.Жанахметовке, оның орынбасары Ш.Халменовке, жедел бөлім бастығы Т.Ысқақовқа және колония басты­ғы­ның кезекші көмекшісі М.Нұр­сейі­товке қатысты қызметтік мін­дет­теріне немқұрайлықпен қарау фак­тісі бойынша қозғалған қылмыстық істі аяқтады. М.Жанахметовке және Ш.Халменовке ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтік өкілет­тіктерін теріс пайдалану бойынша айып тағылды. Аталған істер Ақтау қалалық сотына қарау үшін жіберілді. Нақты айғақ жоқ____________________________________ Бас прокуратура бір топ де­пу­таттардың Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлерінің тер­геу әрекеттерін жүргізу барысында Ж.Досқалиевке дер кезінде ме­дициналық көмек көрсетілуін тек­серу туралы өтінішін қарады. Қаржы полициясының орган­дары 25 қыркүйекте Ж. Досқалиевті қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған және сол күні (сағ. 18.40-та) Ас­тана қаласындағы уақытша ұстау изоляторына орналастырған бола­тын. Бұл ретте Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормалары сақталды әрі ұс­талу­шының тарапынан да, оның адвокатының тарапынан да денсаулығына бай­ланысты шағым болған жоқ. Уақытша ұстау изо­ля­торы бастығының сөзі­не қарағанда, Ж.Досқалиев өзі жүріп-тұрған, денсаулығына шағым айтпаған. 26 қыркүйекте Ж.Досқалиев басы ауыратындығын айтқаннан кейін шақырылған изолятордың фельдшері және жедел медициналық жәрдем бригадасы қан қысымы жоғары екендігін (180/100) тіркеп, Ж.Досқалиевті 1-ші қалалық ауру­ханаға жатқызады. Осылайша, дер кезінде меди­ци­на­лық көмек көрсетілмеді деген дәлел расталған жоқ. Қаржы по­лициясы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінен заң бұзушылықтар табылған жоқ. Ж.Досқалиевтің денсаулық жағдайына байланысты мән-жай­ларды толық әрі объективті зерттеу мақсатында Бас прокуратураның ұсынымы бойынша құрамында Ресей Федерациясы денсаулық сақ­тау органдарынан шақырылған про­фессорлары бар тәуелсіз комис­сия­лық медициналық тексерулер жүргізу шаралары қабылданды. Олар Досқалиевтің ауру тарихында көр­се­тілгендей, жүрек-тамыр қызметінің тоқтағанын растайтын объективті айғақ жоқ деген қорытынды берді. Инсульттің, ми-қан айналымының қатты бұзылулы, яғни, сол жақ гемиплегия белгілері де жоқ. Мұны миға жүргізілген компьютерлік және магниттік-резонанстық томография растап отыр. Осылайша, жоғарыда көрсетіл­ген комиссияның қорытындысы бойын­ша Досқалиевтің нақты жағ­дайы оның ауру тарихында көрсетілген бұрын қойылған диагнозға сәйкес келмейді. Ол бірқалыпты, сұрақтарға дұрыс жауап береді. Сөйлеген сөзінде ақау байқалмайды деп көрсетілген. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.