• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Қазан, 2010

Өзгенің атын жамылып

527 рет
көрсетілді

“Есіл су” мемлекеттік кәсіпор­ны – облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін бірден-бір мекеме. Алайда, оның атына айты­латын арыз-шағымдар көбеймесе, азаяр емес. Онсыз да шаруасы шат­қаяқтап тұрған кәсіпорынның одан кейінгі тірлігінің де оңалып кеткені шамалы. Олқылықтардың қайта­лана беруінің басты себебі—бас­шының тұрақтамауы. Басшылық жиі ауысқан жерде бақылау мен тәр­тіптің босаңситыны, оның ақы­ры түрлі келеңсіз көріністерге соқ­тыратыны түсінікті жәйт. Қызмет бабын асыра пайдаланып, бопса­лауға да апаратынын төмендегі оқиға растайды. 2009 жылы жазда құқық қорғау органдарына Аққайың ауданына қарасты Полтавка ауылы маңында жасалған қылмыстық әрекет жө­нін­де дабыл түседі. Тергеу амалда­ры­ның нәтижесінде оған “Көкшеөн­ді­­рісқұрылыс” ЖШС-нің тікелей қатыстылығы анықталады. Оңай ол­жаға кенелуді ойлаған мекеме бас­шысының жер астына төселген ма­гистралдық су құбырларын қа­зып алғаны әшкереленеді. Про­ку­ратура істі сотқа жолдайды. Жау­ап­кер болса бейбіт келісімге келудің жолдарын іздеп жанталасады. Бар айыбын мойындап “Есіл су” к­ә­сіп­орнына хат жазады. Шығынның орнын толтыруды өз мойнына ала­ды. “Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш” деген. Комиссия мүшелері “жаздым-жаңылдым” деп шырыл­дап отырған жанның обалына қа­л­у­ды жөн санамайды. Аққайың аудандық сотына қылмыстық істі тоқтату жөнінде өтініш айтып, ымыра хат жіберуге пәтуаласады. Мекеменің заңгер-кеңесшісі Е. Әлиясов комиссия шешіміне қо­сыл­ғанымен, ішкі есебін бүгіп қа­лады. Логистика бөлімінің жетекші маманы А. Молдашевқа жолығып, арам ойын сыр қылып бөліседі. “Қаш­қалы тұрған қоянға тәйт десең зыта жөнеледі” демекші, анау қуана келіседі. Сол кездері “Есіл су” мекемесі директорының мін­де­тін атқарып жүрген М. Жан­ті­леуовтің абырой-беделін сырттай пайдаланып, 3 мың долларды сол сұратып жатыр дегенді желеу етеді. Мұрат Қошанұлы олардың құрған торынан хабарсыз болады. Екеуі бопсалаудың небір қитұрқы әре­кеттеріне барады. Ең соңында мәміле хатты сотқа бермейміз деп қорқытып-үркітуге көшеді. Айыпты басшы алаяқтардың өктем қимыл­да­рынан қаймығып, сұраған пара­ны беруге келіседі. Екі тарап бейбіт ымыраға кел­ген соң бопсалаушылар оның қыр соңынан қалмайды. “Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Хатты кері қа­йы­рып аламыз” деген қоқан-лоқ­қыға дейін барады. Оның облыстық экономикалық қылмысқа және сы­байлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке (қаржы по­лициясы) арызданудан басқа шарасы қалмайды. Е.Әлиясов пен А. Молдашев бұлтартпас айғақ­тар­мен қолға түседі. Петропавл қалалық соты өзге­нің атын жамылып, омақаса асқан екеуін айыпты деп тауып, 7 жылға бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды. Облыстық соттың үкімімен олардың жазалары 3 жыл­ғ­а дейін шегерілді. Өмір ЕСҚАЛИ. Солтүстік Қазақстан облысы.