14 қазанда “Нұр Отан” ХДП 2011-2020 жылдарға арналған “Ақбұлақ” салалық бағдарламасының жобасын талқылау бойынша отырыс өткізді. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі “Нұр Отан” партиясының ерекше назарында. Партия Халықтық тұғырнамасының мониторингісі көрсетіп отырғандай, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, әсіресе, ауылды елді мекендерде бірнеше жылдан бері проблемалы болып келеді.
2002-2010 жылдары халықты ауыз сумен қамтамасыз етуге 335 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде “Ауыз су” бағдарламасы шеңберінде ауылды елді мекендер үшін 195 миллиард теңге және басқа да бюджеттік бағдарламалар бойынша қалалар проблемаларын шешуге 140 миллиард теңге бөлінген.
Қазіргі таңда Елбасы, партия көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Экономикалық даму және сауда министрлігі бұрын болған бағдарламаның көптеген ескерілмеген мәселелерін ретке келтіретін 2011-2020 жылдарға арналған “Ақбұлақ” салалық жаңа бағдарламасын әзірлеуде.
“Егемен-ақпарат”.