• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы № 76

465 рет
көрсетілді

2010 жылғы 20 тамыз Алматы қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” 1995 жылғы  30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы” 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Г.МАРЧЕНКО. ______________________ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін  нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Қазақстан Республикасының аумағында чектерді қолдану ережесін бекіту туралы” 1998 жылғы 5 желтоқсандағы №266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №662 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 1999 жылғы №5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Рес­публикасының аумағында чектерді қолдану туралы ережеде: 5-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “5) чек беруші – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;”; мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толық­ты­рыл­сын: “7-1) чек ұстаушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;”; 16-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацында: “сәйкестендіру нөмірі, деректемелері” деген сөздер “нөмірі” деген сөзбен ауыстырылсын; “құжатының нөмірі” деген сөздерден кейін “, кім және қашан берген” деген сөздермен толықтырылсын; 18-тармақта: 2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: “чек берушінің (жеке тұлғалар үшін) жеке куәлігінің сериясы, нөмірі; чек берушінің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі;”; 3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: “чек берушінің – салық төлеушінің тіркеу нөмірі.”. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы” 1999 жылғы 5 сәуірдегі №62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №727 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 1999 жылғы № 8 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерінде: №1 және №4 қосымшаларда “ЖБН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; №2 қосымшада “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы” ресми басылымында 2000 жылғы 5-18 маусымда №12 (183) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде: 14-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: “10) бенефициар және ақша жөнелтуші - салық төлеушінің тіркеу номері (бұдан әрі – СТН) (вексельдерден және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес СТН қою талап етілмейтін басқа да төлемдік құжаттардан басқа).”; 22-тармақта “ЖБН (ББН)” деген аббревиатуралар “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 22-1, 29, 87-тармақтардың екінші абзацында “ЖБН (ББН)” деген аббревиатуралар “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 28-тармақтың үшінші абзацында “БСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 124-3-тармақтың 1) тармақшасында “, ЖБН (БСН)” деген аббревиатуралар “және СТН” деген жалғаулық пен аббревиатурамен ауыстырылсын; 1 – 6 аралығындағы қосымшаларда “ЖБН (ББН)” де­ген аббревиатуралар “СТН” деген аббревиатурамен ауыс­ты­рылсын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы” 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде №1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік ор­гандарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылғы №9 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде: 9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жа­зыл­сын: “банктік шот ашқан кезде тиісті құжатты көрсету керек болмайтын жағдайдан басқа кезде салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші клиенттің тіркеу нөмірі;”; 11-тармақта: 1) тармақшада: екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;”; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;”; 2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;”; 3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: “клиентті Қазақстан Республикасында, филиалдар мен резидент емес тұлғалардың өкілдіктері үшін – олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын уәкілетті орган берген құжаттың көшірмесі;”; 4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін рас­тайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;”; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 5) шаруа (фермер) қожалықтары үшін: қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат; клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы құжаттың көшірмесі; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;”; 6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жа­зылсын: “таратылатын қаржы ұйымын салық төлеуші ретінде тір­кеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;”; 7) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі.”; 14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жа­зыл­сын: “2) жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайдан басқа кезде салық қызметі органы берген құжатта көрсетілген салық төлеуші клиенттің тіркеу нөмірі;”; 17-тармақта: 1) тармақшада: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін рас­тайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;”; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін рас­тайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құ­жат­тың көшірмесі;”; 2) тармақшада: үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде тіркеу фактісін рас­тайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі; дара кәсіпкерлер үшін – клиентті дара кәсіпкер ре­тін­де тіркеу есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі ор­ганы берген құжаттың көшірмесі;”; 4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жа­зылсын: “дара кәсіпкерлер үшін – клиентті дара кәсіпкер ре­тін­де тіркеу есебіне қою фактісін растайтын салық қызметі ор­ганы берген құжаттың көшірмесі;”; 18-тармақта: 1) тармақшада: екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну та­лап етілмейтін жағдайдан басқа кезде клиентті салық тө­леу­ші ретінде қою фактісін растайтын салық қызметі органы бе­рген құжаттың көшірмесі;”; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) - клиенттің мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;”; 2) тармақшада: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “клиентті салық төлеуші ретінде қою фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі (егер клиент салық заңнамасына сәйкес салық төлеуші болып табылған және оған салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілген жағдайда);”; үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: “он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшін туу туралы куәлік;”; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “салымшының жеке куәлігін растайтын құжат.”; 19-3-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “2) клиентті жеке нотариус ретінде тіркеу есебіне қою фак­тісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың кө­шірмесі;”; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен то­лық­ты­рыл­сын: “5) нотариустың жеке басын куәландыратын құжат.”. 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” 2000 жылғы 13 қазандағы № 395 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1304 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы № 5 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Рес­пуб­ли­касының аумағында банктік есепшот ашпай ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жү­зе­ге асыру ережесінде: 11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жа­зыл­сын: “8) ақша аударымы олардың жеке бірегейлендіру ко­дын көрсете отырып жасалған жағдайда салық төлеушінің – ақ­ша жөнелтушінің немесе бенефициардың тіркеу нөмірі (РНН);”; 13-тармақтың екінші абзацында “БСН” бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі” деген аббревиатура мен сөздер “СТН” салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі” деген аббревиатурамен және сөздермен” ауыстырылсын; №1 қосымшада: “ЖБН _____________” деген жолдағы “ЖБН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; “Бенефициар _________БСН ______________” деген жолда (салық комитеті) “БСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; № 2 қосымшада: “ЖБН (БСН) __________” деген жолда “ЖБН (ББН)” деген аббревиатуралар “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; “Бенефициар _________ ББН ____________” деген жолда (салық комитеті) “БСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; №3 қосымшада: “ББН __________” деген жолда “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; “Бенефициар ____________ ББН __________” деген жолда (салық комитеті) “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; № 4 қосымшада: “Ақша жіберуші ___________ ЖБН (ББН)__________” деген жолда “ЖБН (ББН)” деген аббревиатуралар “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; “Бенефициар ______________ББН_______ ЖБК________” деген жолда “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; “Жеке бірегейлендіру нөмірі”, деген сөздер “Әлеуметтік жеке код” деген сөздермен ауыстырылсын; хабарлама түбіртек кестесі “СТН” деген бағанмен то­лық­ты­рылсын; № 5 қосымшада: “ЖБН (БСН) _______” деген жолда “ЖБН (ББН)” деген аббревиатуралар “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; “Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы ББН ________” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Бенефициар Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы СТН ________”; “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббре­виа­ту­ра­мен ауыстырылсын; “Жеке бірегейлендіру нөмірі”, “жеке бірегейлендіру нөмірін” деген сөздер тиісінше “Әлеуметтік бірегейлендіру коды”, “әлеуметтік бірегейлендіру кодын” деген сөздермен ауыстырылсын; 6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесін бекіту туралы” 2000 жылғы 25 қарашадағы №428 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1351 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы №2 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің арасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережесінде: 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: “2) салық төлеушінің – Респонденттің салық қызметі органы берген құжатында көрсетілген тіркеу нөмірі;”; 7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” 2000 жылғы 25 қарашадағы №433 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1352 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2001 жылғы №2 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Клиент пен оған қызмет көрсететін банктің арасында қолма-қол жасалмайтын төлемдерді жүзеге асыру ережесінде: 7-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: “6) клиенттің және оған қызмет көрсететін банктің салық төлеушісінің тіркеу нөмірі;”. 8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк  операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы” 2001 жылғы 3 наурыздағы №58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің “Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы” ресми басылымында 2001 жылғы 22 сәуірде – 6 мамырда № 9 (206) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде: 74-тармақта “бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)” деген сөздер “салық төлеушінің тіркеу нөмірі” деген сөздермен ауыстырылсын; 1-1 және 1-2-қосымшаларда “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; 2-1 қосымшада “СЖН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының “Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы” 2003 жылғы 26 желтоқсандағы №467 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген, “Егемен Қазақстан” газетінде 2004 жылғы 7 ақпанда №29 (23667) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу ережесінде: 1-қосымшада “ББН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бас­қар­масының “Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қоз­ғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы” 2004 жылғы 22 шілдедегі №102 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде №3019 тіркелген) мынадай өз­ге­ріс енгізілсін: 1-тармақтың 6) тармақшасында “бенефициардың жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі” деген сөздер “салық төлеуші-бенифициардың және ақша жіберушінің тіркеу нөмірі” деген сөздермен ауыстырылсын. 11. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының “Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” 2006 жылғы 17 тамыздағы №86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы №16 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде: 45-тармақта: “заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкердің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)” деген сөздер “заңды тұлғалар үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеуші коды (бұдан әрі – КҰЖЖ коды), жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН)” деген сөздермен ауыстырылсын; 1-қосымшада: “Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат: Атауы _______________ КҰЖЖ коды              _______________ Өзге сәйкестендіру нөмірі        _______________ Шетел банкінің атауы ______________”; “Экспортер бойынша ақпарат” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Экспортер бойынша ақпарат: Атауы немесе аты-жөні            _______________ КҰЖЖ коды              _______________ СТН                             _______________ Өзге сәйкестендіру нөмірі        _______________ Мекенжайы               ______________”; “Үшінші тұлға бойынша ақпарат” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Үшінші тұлға бойынша ақпарат: Атауы немесе аты-жөні            _______________ КҰЖЖ коды (резиденттер үшін)            _______________ СТН (болған жағдайда)              _______________ Өзге сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)    _______________ Мекенжайы               ______________”; толтыру бойынша Нұсқауларда: 3-тармақта: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толық­ты­рыл­сын: “1-1) “КҰЖЖ коды” деген баған мыналар ескеріле отырып толтырылады: мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банк әрекет етсе, уәкілетті банктің сегіз мәнді коды көрсетіледі; мәміле паспортының банкі ретінде уәкілетті банктің филиалы немесе Ұлттық Банктің филиалы әрекет етсе, филиалдың он екі мәнді коды көрсетіледі”;”; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “3) “Өзге сәйкестендіру нөмірі” деген бағанда мәміле паспортының банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген нөмір (бар болған жағдайда) көрсетіледі.”; 5-тармақта: мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толық­тырылсын: “1-1) “КҰЖЖ коды” деген баған экспортердің (егер экс­портер заңды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын не­месе экспортердің (егер экспортер заңды тұлғаның фи­лиа­лы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы то­лтырылады; 1-2) “СТН” деген баған экспортердің (егер экспортер дара кәсіпкер болып табылса) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: “4) “Өзге сәйкестендіру нөмірі” деген бағанда экс­пор­тер Қазақстан Республикасының Ұлттық сәйкестендіру нө­мір­лерінің тізіліміне енгізілген нөмір (бар болған жағдайда) көр­сетіледі;”; 2-қосымшада: “Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Мәміле паспортының банкі бойынша ақпарат:                               Атауы __________ КҰЖЖ коды                    _________­­­­_ Өзге сәйкестендіру нөмірі        __________ Шетел банкінің атауы    _________”; “Импортер бойынша ақпарат” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Импортер бойынша ақпарат: Атауы немесе аты-жөні            __________ КҰЖЖ коды                    __________ СТН                                    __________ Өзге сәйкестендіру нөмірі        __________ Мекенжайы                     _________”; “Үшінші тұлға бойынша ақпарат” деген жол мынадай редакцияда жазылсын: “Үшінші тұлға бойынша ақпарат: Атауы немесе аты-жөні            __________ КҰЖЖ коды (резиденттер үшін)            __________ СТН (болған жағдайда) __________ Өзге сәйкестендіру нөмірі (болған жағдайда)           __________ Мекенжайы                     _________”; 4-қосымшада: “БСН” деген аббревиатура “КҰЖЖ коды” деген сөз­дер­мен ауыстырылсын; “ЖСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббре­виа­ту­рамен ауыстырылсын; Толтыру бойынша нұсқауларда: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “Уәкілетті банктің ҚҰЖЖ коды бойынша деректер се­гіз мәнді кодты көрсету арқылы толтырылады.”; алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: “5, 12-бағандар егер 7, 14-бағандарда 1 саны көр­се­тіл­се толтырылады. 5, 12-бағандар ақша жіберушінің немесе бе­нефициардың (ақша жіберуші немесе бенефициар заңды тұл­ға болып табылса) сегіз мәнді кодын немесе ақша жі­бе­ру­шінің немесе бенефициардың (егер ақша жіберуші немесе бе­нефициар заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.”; сегізінші абзацтың екінші сөйлемінде “ЖСН 12 са­нын” деген цифр мен сөздер “салық төлеушісінің тіркеу нө­мі­рінің он екі мәнді кодын” деген сөздермен ауыс­ты­рыл­сын; 5-қосымшада: “мәміле паспорты банкінің БСН” деген сөздер “Уә­кі­­летті банктің КҰЖЖ коды” деген сөздермен ауыс­ты­рылсын; “БСН” деген аббревиатура “КҰЖЖ коды” деген сөз­дер­мен ауыстырылсын; “ЖСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббр­е­виа­ту­рамен ауыстырылсын; толтыру бойынша нұсқауларда: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “Уәкілетті банктің КҰЖЖ коды бойынша деректер сегіз мәнді кодты көрсету арқылы толтырылады.”; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “7-баған, егер 9-бағанда 1 саны көрсетілсе экспортердің немесе импортердің (егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын және экспортердің немесе импортердің (экспортер немесе импортер заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.”; тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: “8-баған, егер 9-бағанда 2 саны көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің салық төлеушісінің тіркеу нө­мірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы тол­ты­ры­ла­ды.”; 6-қосымшада: “БСН” деген аббревиатура “КҰЖЖ коды” деген сөздермен ауыстырылсын; “ЖСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; толтыру бойынша нұсқауларда: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “7-баған, егер 9-бағанда 1 саны көрсетілсе экс­пор­тер­дің немесе импортердің (егер экспортер немесе импортер заң­ды тұлға болып табылса) сегіз мәнді кодын және экспортердің немесе импортердің (экспортер немесе им­пор­тер заңды тұлғаның филиалы болып табылса) он екі мәнді ко­дын көрсету арқылы толтырылады.”; бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “8-баған, егер 9-бағанда 2 саны көрсетілсе, экс­пор­тер­дің немесе импортердің салық төлеушісінің тіркеу нө­мірінің он екі мәнді кодын көрсету арқылы толтырылады.”; 7-қосымшада: “БСН” деген аббревиатура “КҰЖЖ коды” деген сөздермен ауыстырылсын; “ЖСН” деген аббревиатура “СТН” деген аббревиатурамен ауыстырылсын; толтыру бойынша нұсқауларда: бірінші абзацта “екі” деген сөз “үш” деген сөзбен ауыс­тырылсын; екінші абзацта “БСН 12 саны” деген цифр мен сөздер “сегіз мәнді КҰЖЖ коды” деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен то­лық­ты­рыл­сын: “екінші бөлікте келісім-шарт бақылауда тұрған уәкілетті банк филиалының КҰЖЖ кодының соңғы төрт са­ны көрсетіледі. Егер келісім-шарт уәкілетті банкте бақылауда болса, екінші бөлікте төрт нөл қойылады;”; төртінші абзацта “екінші” деген сөз “үшінші” деген сөзбен ауыстырылсын; он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “24 деген коды бар жол мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 – егер экспортер немесе импортер заңды тұлға болып табылса және 2 – егер экспортер немесе импортер жеке кәсіпкер болып табылса.”; он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: “26 деген коды бар жолда (КАТО) ҚР МЖ 11-2003 әкімшілік-аумақтық объектілерінің жіктеушісіне сәйкес облыс кодының алғашқы 2 саны көрсетіледі.”; он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: “мәміле паспортының банкі уәкілетті банктің филиалы болып табылса, он екі мәнді код көрсетіледі.”; мынадай мазмұндағы жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтармен толықтырылсын: “32, 53 деген кодтары бар – жолдар мынадай тәртіпте сегіз сан көрсетіле отырып толтырылады: күні, айы, жылы. 51 деген коды бар жол мынадай белгілер ескеріле отырып толтырылады: 1 – келісім-шарт экспорт бойынша болса және 2 – егер келісім-шарт импорт бойынша болса.”. Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 11 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6534 болып енгізілді. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген