• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2010

Табыстарымыз жоғары бағаланды

429 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лиді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Төраға дипломатты елші лауа­зы­мына тағайындалуымен құт­тықтады және оның қызметі біздің елдеріміз арасындағы көп тарапты ынтымақтастықты нығайтуға жәр­демдесетініне сенім білдірді. Қа­зақстан-Қытай қарым-қаты­нас­тарындағы қол жеткен саяси сенім мен экономикалық ынтымақтас­тық­тың жоғары деңгейін атап өте келіп, Қ.Тоқаев “байланыстардың өрістей түсуі біздің мемлекеттер басшыларының өзара сапарлары­мен айқындалады және екі ха­лықтың мүдделеріне толығымен сай келеді”, деді. Төрағаның айтуынша, Қазақ­стан парламентшілері Халық өкіл­дерінің бүкілқытайлық жиналысы депутаттарымен парламенттік үн­қатысуды одан әрі белсенді­лен­ді­ру­ді жақтайды. “Біз салалық коми­теттер деңгейіндегі байланыстарды нығайтуға, құрамында достық то­бының мүшелері бар делегациялар алмасуға мүдделіміз”, – деді Қ.То­қаев. Қазақстан мен Қытай түрлі халықаралық ұйымдар мен форумдар, атап айтқанда, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында өзара табысты іс-қи­мыл­ды жалғастырып келеді. Төраға қазіргі кезде Қазақстан төрағалық етіп отырған ұйымның Орталық Азия аймағындағы өзекті мәсе­ле­лерді шешуде әлеуеті зор екенін атап көрсетті. Ол сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас­шы­лары кеңесінің кезекті мерей­тойлық отырысы 2011 жылы Ас­танада болады және ол ұйымның 10 жылдығына арналады. Елші Чжоу Ли Сенат Төр­аға­сына ХӨБЖ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның ізгі тілек­тестігін жеткізді. “Қазақстан-Қы­тай қарым-қатынастары өзінің даму тарихындағы жақсы кезең­дерін бастан өткеріп отыр”, – деді елші және осыған байланысты Қа­зақстан мен ҚХР басшыларының негізгі рөлін атап өтті. Қытай дип­ломаты біздің еліміздің халық­аралық аренадағы күш-жігері мен табыстарын жоғары бағалады және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етіп келе жатқанын жеткізді.