• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2010

Ынтымақтастық мүдделеріне орай

403 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэвид Моранды қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Кездесу барысында екіжақты қатыныстарды, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Қазақстан-Британия ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өте келіп, Қ.Тоқаев Қазақстан Ұлыбританиямен эко­номикалық және саяси үнқатысуды одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне тоқталды. Парламентаралық байланыстар мемлекетаралық қатынастардың маңызды құрамы. Екі елдің парламенттерінде достық топтары жұмыс істейді. Қазақстан мен Британия парламентшілерінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара табысты іс-қимылын атап өте келіп, Төраға биылғы 30 қарашада ЕҚЫҰ ПА Бюросының отырысы өтетіні туралы хабардар етті. Д.Моран өз кезегінде ынты­мақтастықтың барлық салаларын одан әрі белсенділендіру және парламентаралық үнқатысуды қалыптастыру жайында айтты.