• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

Ер мен әйел теңесе ме?

707 рет
көрсетілді

Қазақстан топырағында тұңғыш рет гендерлік теңдік пен әйелдер құқығын қорғау мәселелері бойынша Орталық Азия парламенттік кездесуі өтті. Тәуелсіздіктің бедерінде гендерлік теңдік мәселесі бұған дейін де талай қозғалып кел­ген. Алайда, бұл жолғы ал­қалы жиын Шығыс Еуропа – Азия – Тынық мұхит аймағы – Ор­талық Азия мемлекет­те­рі­нің парламентшілерін бір жер­де тоғыстырып отыр. Екі күнге созылған Орталық Азиядағы халық қалаулыларының үлкен басқосуында тұрғындардың репродуктивтік денсаулығы мен гендерлік теңдік мәселелері кеңінен талқыланды. Осы арада дәл осын­дай көкейкесті кездесуді өткізуге парламентшілер Қазақ­стан­ды текке таңдап алмағанын атап өткен жөн. Форумда алғаш­қылардың бірі болып сөз алған Парламент Мәжі­лісі Төрағасының орынбасары Жә­ні­бек Кәрібжанов: – Атқарылған жұмыстардың арқасында Қазақстан заңнамалық құжаттардың тұжырымдамалық ба­засы бар, мемлекеттің гендерлік теңдікті дамыту бойынша стра­тегия­лық қадамы нақтыланған аз елдің біріне айналды. Үстіміздегі жы­лы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отырған Қазақстан ұйымның негізгі дәс­түрлері мен қағидаттарын және құндылықтарын басты назарында ұстап отыр. Мұнан да бөлек, Қазақ­­стан еуразиялық кеңістікте кемел­деніп келеді. Ұйым қызме­тінің ең басты бағыттарының бірі гендерлік теңдікті жан-жақты дамыту мен бекемдеу болып табы­лады. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төраға ретінде “Гендерлік теңдікті және әйелдердің саясат пен қоғамдық қыз­мет­терге араласуын алға жыл­жыту” атты қосымша отырыстар өт­кіз­генін де атап өту қажет. Сондай-ақ, гендерлік сауалдар жө­нін­дегі жеке өкілетті лауазымдық қызмет тағайындады, – деді. Вице-спикер форумға қаты­сушы­лардың назарын Парламент депутаттары қабылдаған “Бала құ­қы­­ғы туралы”, “Тұрмыстағы зор­лық-зомбылықтың алдын алу ту­ра­лы”, “Еркек пен әйелдің тең құ­қық­­тары мен тең мүмкіндік­те­рінің мем­лекеттік кепілдігі ту­ра­лы” заң­дарға аударды. Қысқасы, ауқым­ды заң­намалық базасы бар бұл заңдар­­дың бәрі де елімізде фо­рум тал­қылап жатқан мәселе­лер­ді бір ізге түсіріп, реттеуге қол жеткізіп отыр. Халықаралық басқосуда Ха­лық­­тың қоныстануы мен дамуы жө­нін­дегі Азия форумы төраға­сы­ның орын­басары, Парламент Мәжі­лісінің депутаты Айткүл Са­мақова баяндама жасады. Оның баяндамасындағы Орталық Азия аймағындағы ген­дерлік тең­дік, әйелдердің құқық­та­ры мен мүм­кіндіктерін кеңейтудегі мә­се­ле­лер Қазақстан үлгісінде құрылған. Мәжіліс депутаты 13 мем­ле­кет­тің парламентшілері бас қосқан жиын­да Қазақстандағы биылғы ма­ңызды оқиғалар легін қаперге сала келе, 1994 жылы Каирде болып өткен Халықты қоныстандыру мен дамыту жөніндегі халықаралық конференцияда (ХДХК) қабылдан­ған іс-қимыл бағдарламасында көзделген мақсаттарды орындауда олқылықтар мен кемшіліктер әлі де орын алып отырғанын атады. Гендерлік теңдік және әйелдер құ­қықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық заңдар қабыл­дауда парламентшілердің рөлі зор екен­дігін алға тартты. Дегенмен, Каир бағдарламасы қабылданған 16 жылдың бедерінде Орталық Азиядағы 5 мемлекетте ер­кек пен әйелдің теңдігіне қа­тысты талай жұмыстар атқарыл­ды. Мысалы, Орталық Азиядағы елдер­дің ерекшелігі – көптеген елдер­мен салыстырғанда бұл мемлекет­тер­дің әйелдері анағұрлым білімді әрі қоғамдық өмірде де, шешім қабыл­дау үдерісінде де көбірек ер­кіндікке ие. Алайда, гендерлік бел­гілер бойынша қысым көрсету әлі де, болса кең тараған. Әйелдердің өңірдің экономикалық және әлеу­мет­тік өміріне неғұрлым кең әрі тең құқықты қатысуында елеулі ке­дергілер бар. Сондай-ақ баяндама барысында Тәжікстанда депутат әйелдер саны өсіп келе жатқаны, Өзбекстан пар­ла­ментінің 22 пайызын нәзік жан­ды­лар құрайтыны айтылды. Қазақ­стан Парламенті Мәжілісінде бұл көр­сеткіш –14 пайыз. Қаншама заңдар қабылданып, неше түрлі шаралар қолға алынып жатса да мемлекеттік маңызы бар ше­шімдер қабылдауда бір де бір мемлекет ең болмаса әйелдердің 30 пайыз қатысуын қамтамасыз ете ал­май отырғаны сөз болды. Қоғам­дық-саяси және әлеуметтік-эко­но­ми­калық өмірде де гендерлік тең­сіздік теңеле қоймаған. Гендерлік ассиметрия еңбек рыногында да байқалады. Әдеттегі­дей, жұмыссыздардың көпшілігі әйел­дер. Барлық елдерде әйел­дер­дің но­миналдық жалақысы ер­лер­дің жалақысына қарағанда 30 пайызға аз. Сондай-ақ парламенттік кезде­су­де жұмысқа қабілетті жастағы ер адамдардың өлімі жоғары екендігі де сөз болды. Форум көтеріп отыр­ған мәселе де осы. Әлеуметтік жағ­дайдың жақсарғанына, эконо­ми­калық өрлеулерге қарамастан, халықтың репродуктивтік денсау­лығы төмен. Экологиялық мәселе­лер мен ауыз судың нашарлығы, жан­күйзелісі адамдардың арасында белсіздік пен бедеулік дерттерін асқындырып отырғаны алаңдатады. Нақты шаралар қабылданып жат­қанына қарамастан, зорлық-зомбы­лық жайы да кейбір елдерде кө­кей­кесті күйінде қалып отыр. Ал Қа­зақ­станда әйелдерге қатысты құ­қық бұ­­зу­шылық көрсеткіші соң­ғы жыл­дар­да бір деңгейде тұрғанымен, іс жү­зінде жағдай басқаша екені ай­тыл­­ды. Отбасында зорлық көрген әй­ел­­дердің басым бөлігі көп­ші­лік­тің талқысынан қашып, құқық қор­­ғау органдарына хабарласа қой­майды. Айткүл Самақова осы мәселе­лерге қа­тыс­ты елімізде кешенді әлеуметтік зерттеулер жүргізілгенін баяндады. Және жуырда ғана халықаралық Үкімет­тік емес ұй­ымдардың “Бү­кіл­әлемдік экономи­калық форумы” “Жаһандық ген­дерлік айырма­шы­лық – 2010” атты есебін жария ет­кен. Бұл баяндамада 134 елдің ген­дер­лік мәселелерінің жағдайына баға берілген. Гендерлік жағдайлар төрт көрсеткіш бойынша баға­ланып, Қазақстан осы бағанда 41-ші орында тұр екен. Және еліміз бұл көрсеткіште Еуропалық Одақ­тың 14 елін, оның ішінде Франция, Италия, Венгрия мемлекеттерін кей­інге ысырған. Қырғызстан 51-ші орында болса, Тәжікстан 89-шы бо­лып тұр. Бұл көрсеткіштің өзі де Ор­та­лық Азия елдеріндегі гендерлік жағ­дай түрлі сипатта екенін айғақтайды. Қысқасы, парламентшілер тал­қы­лайтын тақырыптар жеткі­лікті. Осы шараның өзі ХДХК іс-қимыл бағдарламасы шеңберінде гендерлік мәселелер бойынша Орталық Азия елдеріндегі ер және әйел парла­мент­шілердің арасын­дағы түсініс­тікті жақсартуға бағыт­талып отыр. Сондықтан да форумға аталған мәселелерді шешуде ер парламент­шілердің көбірек қаты­суы қарас­тырылған. Алматыдағы басқосуға Қырғыз­стан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түркіменстанның және Қазақстан­ның парламенттік делегациялары,  Азия-Тынық мұхит аймағы, Шы­ғыс Еуропа мен Жапония парла­ментінің өкілдері қатысуда. Көтерілген мәселелерді кешенді тұрғыда қарастыру үшін форумға репродуктивтік денсаулық пен гендерлік мәселелер саласында жұ­мыс істейтін басқа да ұйым­дардың өкілдері шақырылған. Екі күндік парламенттік кезде­су­дің нәтижесінде мәлім етілген ақпараттар жинақталып, тәлімді тә­жірибелер мен ұғынықты ұсыныс­тар баяндама тұрғысында қоры­тын­дыланып, мүдделі тарап­тарға тара­тылатын болады. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы. ------------------------- Суреттерді түсірген Айтжан САЛЫҚҰЛЫ.