• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
30 Қазан, 2010

“Түркі бастамасы” слеті

433 рет
көрсетілді

Ыстамбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекет­тер басшы­ларының 10-шы Саммитінде ғылым, білім беру, мәдениет, өнер, туризм, спорт және басқа да сала­ларды кеңейтумен қатар, түркітіл­дес мемлекеттер арасындағы гумани­тарлық байланысты дамыту қажеттігі айтылған еді. Және түркітілдес мемлекеттер­дің жастар одақтары мұндай қызметке өз үлестерін қосатынына сенім білдірген. Осы бастаманың жалғасы ретін­де Білім және ғылым ми­нистр­лігінің қолдауымен “Пат­риот” қоғам­дық бірлестігі Қ.А.Ясауи атынғы халықаралық қазақ-түрік университетінде “Түр­кі бастамасы” республика­лық жастар слетін өткізді. Слеттің мақсаты жастардың халықара­лық ынтымақтастығын нығайту және жас ғалымдарға қолдау көрсету, жастар ұйым­дары­ның өзара қарым-қатынасын арт­тыру десек, слет қорытындысы бойынша Түркітілдес мемлекет­тердің жастар одағын құру баста­масы көтерілді. Слетке Білім және ғылым вице-министрі М.Сары­беков, Парламет Мәжілісінің де­путаттары Л.Хочиева, М.Әбенов, Қазақстанның халық ақыны М.Ша­ханов және басқа да қоғам қай­­раткерлері, сондай-ақ “Түркі ака­демиясы”, “ТҮРКСОЙ”, “ТҮРКПА” өкілдері, “Нұр Отан” ХДП “Жас Отан” жастар қанаты мен белсенді жастар ұйымдары, рес­публиканың жоғары оқу орын­дарының студент жастары, бұқара­лық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. “Егемен-ақпарат”.