• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2010

Бұқаралық спорт – саламатты өмір кепілі

484 рет
көрсетілді

“Қазақстан спорт одағы” заң­ды тұлғалар бірлестігі мен “Нұр Отан” ХДП облыстық филиа­лының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде спорт және туризмді дамы­ту, саламатты өмір салтын қалып­тастыру мәселелері әңгіме арқауына айналды. Оған облыстық және қалалық мәсли­хаттар депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, спорттық федерациялар мен бірлес­тіктердің, жастар ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатыс­ты.  Отырыста спорт саласын­дағы көптеген өзекті мәселелерді шешу­дің жолдары қарастырылды. Дөңгелек үстелге қатысушы­ларға Алматы мен Астана қала­ларында өткізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы ұсы­нылды. Сауалдаманың қорытын­дысы бойынша республикамыз­дағы тұрғындардың 8,9 пайызы ғана спортпен әрдайым шұғыл­данады екен. Қалаларға қарағанда ауылдық жерлерде спорт кешен­дерін салу кенже қалуда. Аудан­дық спорт және туризм бөлім­деріне коммерциялық құрылым, мемле­кет­тік органдар және спорт­тық қоғамдардың өкілдерінен тұратын комиссия құрып, оған бі­л­ім беру меке­мелерінің, аулалық клуб­тар­дың, спорт алаңдарының спорт­тық құ­рал-жабдықпен қам­тылуын, олар­­дың  саны мен сапа­сын анық­тап отыруды тапсыру ұсынылды. Мұндай дөңгелек үстелдер бұған дейін Көкшетау, Қостанай, Өскемен, Петропавл, Қарағанды, Павлодар, Тараз, Шымкент, Орал қалаларында өткізілген екен. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.